Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Коронавирус бойынша сұрақтармен 1406 call-орталығына хабарласуға болады

Коронавирус бойынша сұрақтармен 1406 call-орталығына хабарласуға болады




2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (бұдан әрі – ӘМСҚ) тарапынан 1406 бірыңғай колл-орталығы жұмыс бастады. Нұр-Сұлтан қаласындағы орталық аппараттың мен ӘМСҚ-ның 17 филиалдың 44 операторы медициналық көмектің сапасына және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіне кіретін қызметтерге байланысты сұрақтарға жауап береді.
«Барлық өтініштер Қордың сарапшыларымен тіркеледі және қаралады. Егер аурухана немесе клиника тарапынан медициналық қызметтерді сатып алу шартының талаптарын бұзу дәлелі расталса, онда медициналық ұйымға ӘМСҚ-мен шарттық міндеттемелерді төлеу қағидаларына сәйкес айыппұл санкциялары салынады», - деп хабарлады «ӘМСҚ» Қызылорда облысы бойынша филиалының бөлім басшысы Абылайхан Рахимов.
Карантин енгізілгеннен кейін байланыс орталығы коронавирустық инфекцияға қатысты өтініштерді де қаралуда. 1406 операторлары тұрғындарға алдын-алу шаралары, вирустан қорғану, күдікті белгілер анықталған кезде әрекет ету, ПТР-ға талдау жасауға болатын және т.б. мәселелер бойынша халыққа кеңес беру үшін арнайы дайындықтан өтті.
«Жүргізілген мониторингке сәйкес, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының колл-орталығына күн сайын 130 қоңырау келіп түседі, ай сайын 3 мыңға жуық қоңырау түседі. Ағымдағы жылдың шілде айында COVID – 19 тұтану кезеңінде қоңыраулар саны үш есе өсті», -  деп атап өтті А.Рахимов.
Халықтың жиі қойылатын сұрақтары:
1. Коронавирустық инфекциядан қалай қорғауға болады, жаңа белгілер қандай?
2. КВИ анықтау үшін экспресс-тесттерді қашан және қалай тапсыруға болады?
3. МӘМС үшін қалай төлеуге болады?
4. Карантин енгізілген қалалар мен аймақтар бойынша қозғалыс. Сондай-ақ, жоғарыда аталған елді мекендерге кіру және шығу.
5. Медициналық қызметтердің сапасына шағымдар
Айта кетейік, медициналық сақтандыру қорының 1406 байланыс орталығы 24/7 режимінде жұмыс істейді. 1406 байланыс орталығының операторларына өз сұрақтарын «Qoldau 24/7», «Telegram» - «QoldauINFO» мобильді қосымшалары арқылы да қоюға болады. Өтінішке тіркеу нөмірі беріледі, содан кейін жеке кабинетте оның мәртебесін тексеруге болады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ
Қызылорда облысы бойынша филиалдың халықты ақпараттандыру
және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі
04 желтоқсан 2020 ж. 421 0