«Qoldau-24/7» - МӘМС-ға арналған нұсқаулық
2020 жылдың наурыз айында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тұрғындармен кері байланыс арнасын – «Qoldau-24/7» мобильді қосымшасын іске қосты (қосымшаны PlayMarket және AppStore - дан жүктеуге болады). Осы бірегей платформада 24/7 жұмыс істейтін режимде 1406 байланыс орталығы медициналық сақтандыру және пациенттердің құқықтарына қатысты өтініштерін қабылдайды.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов түсіндіргендей, «Qoldau-24/7» мобильді қосымшасын қолдана отырып, сіз медициналық көмек туралы кеңес ала аласыз, дәрігерлерге немесе медициналық ұйымдарға алғыс және шағым білдіре аласыз, МӘМС және ТМККК шеңберінде жұмыс істеуге қатысты ұсыныстармен бөлесе аласыз.
Азаматтардың жеңілдікті санаттары (толығырақ – https://fms.kz/kz/o-medstrakhovanii/infografika/8578/) уақытша (бір айға) сақтандыру мәртебесін ала алады.
«Мысалы, жұмыс істемейтін жүкті әйелдің есепке қою кезінде МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесі жоқ. Ол мобильді қосымшада «Жеңілдік санатына уақытша мәртебе беру» батырмасына өтіп, мәртебесін, аймағын, ЖСН-ді көрсетіп, жеңілдік санатын растайтын құжаттың тіркеу керек. Содан кейін біздің сарапшылар жүктілікті растайтын анықтамалардың негізінде бір айға уақытша мәртебе береді. Осыдан кейін жүкті әйел есепке алынады және одан әрі оның мәртебесі өзгермейді, ол сақтандырылған», - деп атап өтті Бақыт Исмаханбетов.
Сондай-ақ, «Qoldau-24/7» мобильді қосымшасында сіз өзіңіздің сақтандыру мәртебеңізді тексере аласыз, медициналық сақтандырудағы төлемдерінің мөлшерін біле аласыз, медициналық қызметтердің сапасын бағалай аласыз, коронавирус, COVID-19-ға қарсы вакцинация туралы өзекті сұрақтарға жауап таба аласыз. ТМККК, МӘМС пакеттері және т. б. туралы өзекті сұрақтарға жауап таба аласыз.
Егер пациентке медициналық көмек көрсетуден бас тартылса немесе тиісті түрде көрсетілмесе, онда 1406 нөмірі, «Qoldau – 24/7» мобильді қосымшасы немесе «SaqtandyruBot» Telegram-бот бойынша жүгіну қажет, - деп атап өтті Қор филиалының директоры. Қордың мамандары мен сарапшылары жедел жауап беріп, қажетті көмек көрсетеді.
КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың
халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі