№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Балық – бағалай білгенге байлық

Балық – бағалай білгенге байлық


Бұрындары су жүретін арналардың біріне қармақ сала қалсаң, тынымсыз қауып, қанжығамыз майланып, көңіліміз жайланып қайтатын еді. Қазір қанша бабын жасадым десең де қармақтың майлануы тым қиын. Балығы тулап жататын каналдардың бүгінде берекесі қашқан. Себебі балық аулаудың жабайы түрі пайда болды. Ол – тоқпен ұру. Бұлай жалғаса берсе, балықтың қарасын көруге зар болып қалар түріміз бар. Балықтың бал сорпасын татып жүрген талайдың сондықтан өкініші зор.


Еліміздегі агроөнеркәсіп кешенінің маңызды бір саласы – балық шаруашылығы. Балық етінің адамзат баласына пайдасы көл-көсір екенін медицина мамандары да үздіксіз айтып келеді. Бір адам норма бойынша жылына 14 келі балық етін тұтынуы қажет екен. Өйткені балықтың құрамында 20 түрлі амин қышқылы бар, оның сегізі адам өмірі үшін өте қажетті зат болып табылады. Балықтың бір жағынан байлық екенін жеке кәсіпкерлерден-ақ аңғарып жүрміз. Қарапайым саудагерлердің өзі бір-екі келі балық сатып, қалтасын бір-ақ күнде қампайтып алады. Себебі кез келген жерде балыққа деген сұраныс жоғары. Содан болса керек, балық бағасы аспандап тұрса да, ойланбастан алатындар бар. Алайда ауланған олжаны өңдейтін кәсіпорындардың жоқтығы, заңсыз балық аулаушылардың азаймай отырғаны тағы басқа себептер салдарынан экспорт түгілі өзіміздің нарық та балықпен толық қамтамасыз етілмей тұр. Сондықтан болар, қай мезгілде болса да балық бағасы асқақтап тұр.
1991 жылы елімізде балық аулау мен балық өнімдері өндірісінің жалпы көлемі 80 мың тоннадан асыпты. Оның ішінде тоғандық балық аулау 10 мың тоннаға жуықтаған. Барлық облыста балық зауыттары мен балық комбинатта­ры, басқа да кәсіпорындар тиімді жұмыс істегенін дерек­көздерден байқаймыз. Оның үстіне Кеңес одағындағы республикалардың үшеуінде ғана Балық шаруашылығы министрлігі болса, соның бірі біздің елімізде еді. Өкінішке қарай, еліміз нарықтық жүйеге бет түзеген кезеңде балық шаруашылығы құлдырауға ұшырады. Мемлекет бұл саланы дамытуға бағытталған іс-шараларды тек 2000 жылдардың бас кезінен бастап қолға алды. Жоғарыда айтқанымыздай, балық тұтынудың жылдық нормасы бір адамға шаққанда 14 келі болса, 2000 жылдары бұл көрсеткіш 4 келіге дейін түсіп кеткен. Бұл қазақстандықтардың балық етіне деген сұранысының төмендегенін білдіре ме? Әрине, жоқ. Күллі әлем теңіз өнімдеріне, оның ішінде балық етіне аса қызығушылық танытып отырғанда, «Өзен жағалағанның өзегі талмас» деп тәмсілдеген қазақтың балықтан бас тартуы ақылға қонымсыз. Демек, көрсеткіштің көңіл көншітпейтіндігі балық шаруашылығының ішкі қажеттіліктің өзін өтеуге қауқарсыз екенін білдіреді. Ауданымыздағы су айдындары иелерінің мәліметі бойынша кәсіпкерлікке бекітіліп берген 26 көл бар екен. 26 көлдің 8- і тауарлы көлдер. Яғни шабақтарды сырттан сатып әкеліп, көбейтеді. Бал татыған балық етін тұтынуға қазір кез келгеннің қалтасы көтере бермейді. Себебі – қымбат. Дүкен сөрелерінде ысталғаны, тұздалғаны, кептірілгені, қызылы, ағы – бәрі бар. Бірақ оның басым бөлігі отандық өнім емес.
Біз балық аулау кәсібінен алдамыз. Ал оны өсіру, басын көбейту жағы кемшін. Балық аулаудың жабайы үрдісі пайда болғалы ауыл азаматтары да, мекеме қызметкерлері де жанашырлықпен жұмыс жасап жатыр. Әр көлдің басында арнайы қарауылдар қалтқысыз жұмыс жасап келеді. Тонаушыларға тосқауыл қойғанымыз бен қулықтарын асырып бағуда, – дейді аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастар бөлімінің бас маманы Жасұлан Тұрапов.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған биылғы Жолдауы бизнес өкілдері үшін жағымды жаңалықтарға толы болды. Жолдауда еліміздің әлеуметтік экономикалық дамуы үшін қажетті бврлық мәселелерді көтерді. Соның ішінде кәсіпкерлікке қолдау көрсеткенде орта бизнеске де ерекше назар аудару керектігін айтап өтті. Балықты «ұрпақ несібесі» деп, қатты қадірлейтініміз жасырын емес. Бұл жөнінде орман және жануарлар дүние­сін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балық маманы (ихтиолог) былай дейді.
– 7-8 жыл болды көлде су жоқ. Бірақ оған қарамастан жұмыс жылдан-жылға қарқынды жүруде. Мамандарымыз тек уылдырық шашу жұмыстарымен айналысады. Өз қалтасынан қаржы шығарып, балық сатып алып салатын кәсіпкерлерімізде жеткілікті. Мәселен «Жыңғылдысай» көлінің иесі «Ислам» шаруа қожалығының басшысы Мақсат Жұмаділов Жетісайдан сазандарды әкеліп бағуда. Ал, «Қалғандария» көліне қарайтын «Сүйіндік» шаруа қожлығының иесі Сүйіндік Аманжолов осы шаруалығын жолға қою үшін кіші инкубациялық цех- 2 миллион балық шабағын шығаратын аппарат және Біріккен Ұлттар Ұйымының гранттық бағдарламасына қатысып – қуаты 5 мил балық шабақтарын шығаратын өндірістік цехын дамытуда. Онда алты адамды жұмыспен қамту орталығы арқылы оқып, білімдерін жетілдірді. Ал, тоқпен ұрып, балыққа залалдарын тигізіп жатқан тонаушыларға тосқауыл қоюда. Күзет қызметін күшейтуде. Дария бойынша Қызылорда облыстық инспекциясына жағдай жасалған. Ал көлге аудан бойынша техника жағы жетіспейді. Құтқарушы топтың қолында машина мен арнайы қайықтар, дрон секілді құрылғылар болса тонаушылар біздің көлден аяқ тартар еді. Былтыр күріштік алқаптардан және тартылып қалған көлдерден бір миллион екі жүздей балық шабақтары құтқарылды.- дейді ол.
Дәрігерлер «балық өнімдерін күнделікті тұтынған дұрыс» дейді. Алайда қос бүйірден қысқан қымбатшылық оған дес бере ме? Балықтың адам ағзасына пайдалы екенін елдің бәрі біледі. Сырт елден келген арзан торын дарияға тастап, шағын көлшікте балық-шабақты тоқпен ұрып алатын қаскөйлердің бүгінде қарасы қалың. Шектеу болса да, әсіресе, уылдырық шашар уақытын аңдитындар азаймай тұр. Табиғат байлығы талан-таражға түсіп, аң-құсқа жем болып жатқанын көзбен көрген соң мұны айту парыз деп білдік. Бұл мәселеге жауапты мекеме басшылары баса назар аударып, нақты қадамдар жасауы тиіс.

Ботагөз БЕКМАХАНОВА

15 шілде 2023 ж. 362 0