№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » «Сырдың шебер аналары»

«Сырдың шебер аналары»



Таяуда Астана қаласында «Тақия fest» өнерлі аналардың республикалық қолөнер фестивалі болып өтті. Оған Жаңақорған ауданы аграрлы техникалық колледжінің ұстазы Сәуле Бегімбетова қатысып, «Өнерлі ана» номинациясын жеңіп алды. Жаңақорған ауданының мерейін үстем еткен қолөнер шеберіне Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігі Алғыс хатымен марапаттап, арнайы құрмет көрсетті.

– Президент мұражайында өткен фестивалге еліміздің барлық аймағынан өнерлі аналар жиналды. Ұлтымыздың қол өнерін кейінгі ұрпаққа дәріптеуді мақсат еткен фестивалге он саусағынан өнері тамып тұрған небір хас шеберлер жиналған екен. Бұндай үлкен додаларға әрдайым қатысып келеміз. Бір-бірімізбен тәжірибе алмасып, өз қолымыздан шыққан дүниелерді көріп таң-тамаша болдық. Өте керемет, жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Ұлттық құндылықтарымыздың бірі һәм бірегейі – қолөнер ғой. Шынайы шебердің қолынан шыққан бұйымдар салт-сана, әдет-ғұрыппен біте қайнасып, қазақ халқының дүниетанымын айғақтап тұрғандай көрінеді. Бүгінгі күні ұлттың байырғы мұрасы қайта жаңғырып, жаңару үстінде, – дейді шебер ана Сәуле.


Сонымен қатар, Қызылорда қаласында «Сырдың шебер аналары» атты жәрмеңке ұйымдастырылып, өнерлі аналардың өз қолдарымен жасаған заттарынан көрме ұйымдастырылды. Кейіпкеріміз атаулы көрмеге де қатысып, марапат биігінен көрінді. Жәрмеңке барысында өнерлі аналардың өз қолдарымен жасаған заттары көрмеге қойылып, іскер, талантты аналардың еңбектері арқылы ұлттық өнерді насихаттауды құп көргені көңілге қуаныш ұялатады.

– Есімді білгелі анамның жанында жүріп, үйдегі үш қыз жарыса кілем тоқып, бір жағы анамызға қолғабыс қылсақ, бір жағынан үйреніп алғанымызға мәзбіз. Жыл сайын жазғы демалысқа шыққанымызда осы кілем тоқу дәстүрлі әдетімізге айналды. Жүнді сабап, жуып, бояп, кейін ұршықпен иіріп берген анамызбен қаз-қатар отырып, кілемге әдемі өрнек салып тоқу, бізге талмай еңбектенуден келетін зор қуанышты тарту етті, ұлттық өнермен айналысуға ықпал етті. «Сырдың шебер аналары» атты болмысымызды айшықтайтын бұйымдарды осылайша көпшілікке көрсетіп, көрме ұйымдастырғанына қуаныштымыз. Биылғы көрменің жаңалығы мол болды. Әрі сапалы дүниелердің қатары артқан. Ұлттық өнерді қолдаушы шеберлердің де саны көбейгенін көріп қуанып қалдым, –дейді шебер.


Расында, «Шебердің инесі де алтын, соққан күймесі де алтын» деген тәмсілдің тереңіне үңілсеңіз қазақ дәстүрінде ісмерліктің орны ерекше болғанын ұғамыз. Ата-бабаларымыздан келе жатқан ұлттық қолөнеріміз арқылы жастарды іскерлікке баулумен қатар, ұлттық қолөнер шеберлігінің ұрпақтан-ұрпаққа жеткен қайталанбас мұралары арқылы олардың эстетикалық талғамын қалыптастыруда қолөнер шеберлерінің еңбектері зор. Осындай қолөнер шеберлері барда қазақ мұрасы әрі қарай өркендей беретіні анық.

                                                                                                                                                  Әсел Рзаева
22 сәуір 2023 ж. 160 0