№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Газ тапшылығын болдырмау басты назарда

Газ тапшылығын болдырмау басты назарда

Елімізде газ тақырыбы өзекті мәселе екені даусыз. Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Кемелұлы кешегі өткен VIII сайланған ҚР Парламентінің бірінші сессиясында газ бағасының тұрақтылығы мен тапшылығын болдырмау үшін кешенді жұмыс жүргізу керектігін нықтап айтты.


Біздің Жаңақорғанда газ қоры жеткілікті ме? Халықтың сұранысын қанағаттандыру бағытында қандай жүйелі жұмыстар бар? Осы төңірегінде аудан әкімінің орынбасары Дархан Есалыұлы Тұрсынбаев аудан әкімінің мәжіліс залында жауапты тұлғалар, жеке кәсіпкерлер мен газ саласының жауапты мамандарының басын қосып, газ тапшылығын туындатпау жөнінде кеңес өткізді.
Басқосуға «PETRORETAIL» ЖШС-нің Жаңақорған АЖБ басшысы Бейбіт Мүсілімов, «Қызылорда мұнай өнімдері» Жаңақорған АЖБ басшысы Бауыржан Искаков, «Синойл» ЖШС, «Жаңақорған Ойл» ЖШС бас есепшісі Болат Ташметов, «Бәйтерек» дара кәсіпкерінің басшысы Алмахан Мыр­забаев, «Автогаз Трэйд» ЖШС-нің басшысы Шәзинда Сұлтан, «Қызылор­да газ» мекемесінің өкілі Мейіржан Хасанов газ саласындағы жұмыстарын сөз етті.
– Ауданда газ тапшылығын бол­дырмау үшін арнайы лимит қойылды. Бұрын күніне 9 тоннаға дейін газды сатылуға шығарсақ, бүгін 6 тонна сатылуда. Газдың бағасы тұрақ­ты, литрі 57 теңгеге бағалануда. Әрі халықтың кезек күту мәселесі жоқ, – деді «Қызылорда газ» меке­ме­сі­нің өкілі Мейіржан Хасанов.
Та­­қырыпқа журналистік көзқа­ра­сымды қо­са кетсем. Жасы­ратыны жоқ еліміздің бірнеше аймағында газ тапшылығы бар. Көр­шілес жатқан, Түркістан, Жамбыл облыстарында газ сату пунктерінде халықтың қарасы көбейген. Демек, отыз жыл бұрын ғалымдарымыз болжағандай табиғи рессурстық тәуелділіктен ажырап, жасыл эко­номикаға бет алар күн де алыс емес. Сондықтан, әлемдік заманауи үрдіске сай, күн панельдерімен жүретін ав­токөліктер тұтыну қажет-ақ. Қазірдің өзінде өзбек ағайындардың нарық­қа шығарған эконом-класс көлік­тері Түркістанның кең көшелерінде көптеп кездесе бастады. Күннен де, тоқ көзінен де қуат алатын көлік­тің бағасы да қолжетімділігі біздің сұранысымызды одан әрі арттырып тұр. Автомобилографтар алдағы он жылда елімізде газ көліктері мүлдем сұранысқа ие болмайтынын алға тартады емес пе? Меніңше, біз көлік тарихында жаңа кезеңге аяқ басып жатқандаймыз!

Макпал Патенова
12 сәуір 2023 ж. 261 0