№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » "Газ бағасы 57 теңгеден қымбаттамайды" дейді – деді «Қызылорда газ» мекемесінің өкілі

"Газ бағасы 57 теңгеден қымбаттамайды" дейді – деді «Қызылорда газ» мекемесінің өкілі



Елімізде газ тақырыбы өзекті мәселе екені даусыз. Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Кемелұлы кешегі өткен VIII сайланған ҚР Парламентінің бірінші сессиясында газ бағасының тұрақтылығы мен тапшылығын болдырмау үшін кешенді жұмыс жүргізу керектігін нықтап айтты.

Біздің Жаңақорғанда газ қоры жеткілікті ме? Халықтың сұранысын қанағаттандыру бағытында қандай жүйелі жұмыстар бар? Осы төңірегінде аудан әкімінің орынбасары Дархан Есалыұлы Тұрсынбаев аудан әкімінің мәжіліс залында жауапты тұлғалар, жеке кәсіпкерлер мен газ саласының жауапты мамандарының басын қосып, газ тапшылығын туындатпау жөнінде
кеңес өткізді. Басқосуға «PETRORETAIL» ЖШС-нің Жаңақорған АЖБ басшысы Бейбіт Мүсілімов, «Қызылорда мұнай
өнімдері» Жаңақорған АЖБ басшысы Бауыржан Искаков, «Синойл» ЖШС,
«Жаңақорған Ойл» ЖШС бас есепшісі Болат Ташметов, «Бәйтерек» дара кәсіпкерінің басшысы Алмахан Мырзабаев,
«Автогаз Трэйд» ЖШС-нің басшысы Шәзинда Сұлтан, «Қызылорда газ» мекемесінің өкілі Мейіржан
Хасанов газ саласындағы жұмыстарын сөз етті.


"Ауданда газ тапшылығын болдырмау үшін арнайы лимит қойылды. Бұрын күніне 9 тоннаға дейін газды сатылуға шығарсақ, бүгін 6 тонна
сатылуда. Газдың бағасы тұрақты, литрі 57 теңгеге бағалануда. Әрі халықтың кезек күту мәселесі жоқ" – деді «Қызылорда газ» мекемесінің
өкілі Мейіржан Хасанов.


Тақырыпқа журналистік көзқарасымды қоса кетсем. Жасыратыны жоқ еліміздің бірнеше аймағында газ тапшылығы бар.
 Көршілес жатқан, Түркістан, Жамбыл облыстарында газ сату пунктерінде халықтың қарасы көбейген. Демек, отыз жыл бұрын ғалымдарымыз болжағандай табиғи рессурстық тәуелділіктен ажырап, жасыл экономикаға бет алар күн де алыс емес.


Сондықтан, әлемдік заманауи үрдіске сай, күн панельдерімен жүретін автокөліктер тұтыну қажет-ақ. Қазірдің өзінде өзбек ағайындардың нарыққа шығарған эконом-класс көліктері Түркістанның кең көшелерінде көптеп кездесе бастады. Күннен де, тоқ көзінен де қуат алатын көліктің бағасы да қолжетімділігі біздің сұранысымызды одан әрі арттырып тұр. Автомобилографтар алдағы он жылда елімізде газ көліктері мүлдем сұранысқа ие болмайтынын алға тартады емес пе? Меніңше, біз көлік тарихында жаңа кезеңге аяқ басып жатқандаймыз!

                                                                                                                                           

   Макпал Патенова
12 сәуір 2023 ж. 142 0