№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ұлт денсаулығы – мемлекеттің күші

Ұлт денсаулығы – мемлекеттің күші



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясында біршама бастама, бағдарламаның қолға алынатынын айтты.
«Адам капиталын дамытуға қатысты тағы бір мәселе – Денсаулық сақтау жүйесінің тиімді болуы. Еліміздегі медицина инфрақұрылымын жақсарту қажет. Оның жай-күйіне қатысты түйткілдер аз емес. Мемлекет соның бәрін біртіндеп шешіп жатыр» деген сөзі ақ халатты абзал жандардың мерейін өсірді. Бұл – өте тиімді шешім. Ұлтының жарқын болашағын ойлаған мемлекет алдымен азаматтарының денсаулығына көңіл бөледі. Әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтауды қамтамасыз етуді бір ізге қойса, бүгінгідей алмағайып уақытта ұлттың денсаулығын көтеру ел экономикасын дамытуға оң ықпал ететіні анық. Мемлекет басшысы салауатты өмір салтына ерекше назар аударуды тапсырды. Өйткені, ғылым мен техниканың күн санап қарыштап дамыған, экологиялық зардаптардың артуы, ой еңбегі мен дене еңбегінің ара қатынасының алшақтауы, әр түрлі зиянды әдеттердің белең алған уақытында деннің саулығын ойлайтындардың қатары сиреді. Осы тұрғыда, Президенттің бастамасы көпшіліктің көкейіне қуаныш ұялатты.

                                                                                                                                             Зөре Хайнекеева,
                                                                                                                                             дәрігер
01 сәуір 2023 ж. 381 0