№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Егіс басталды, енді сусыз қалмайық

Егіс басталды, енді сусыз қалмайық


Биыл ауылшаруашылығы саласында серпін көп. Әсіресе, егін шаруасы ширап, өнім көлемі еселенетін болады. Сыр өңірінің шаруалары да дала жұмысына ертерек кірісіп, жерлерін толық жыртып, дән себуді жобалатты. Ең басты мәселе – аяқ судан таршылық көрмеу. Яғни, каналдарды дер кезінде тазалап, диқандарға суды уақытылы беру міндеті тұр.


Сыр еңбеккерлерінің биылғы межесі егін көлемін былтырғыдан 7,1 мың гектарға (барлығы 195,6 мың гектар) арттыру. Оның ішінде күріш алқабы – 5,4 мың гектарға (барлығы 83,9 мың гектар) ұлғаятын болады. Облыс әкімінің тікелей бастамасымен әлеуметтік маңызды дақылдарды егіп алуға өткен жылы ынталы тұрғындар үшін арнайы жер телімдері қарастырылды. Осы игі бастама биыл да жалғасып, қала мен аудандар­да 3 мың гектар жер дайындалып жатыр. Жаңақорғанда да қосымша жерлер ашылып, ұжымдық түрде 295 гектарға картоп, көкөніс, бақша дақылдарын орналастыру бағытында жұмыстар атқарылуда. Нақтырақ айтқанда, 845 адам отбасылық егістікпен айналысып, нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар азық-түліктермен өзін-өзі қамтитын болады.
–Аудан шаруашылық құрылымдары көктемгі дала және егін егу жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Тау беткейде Жайылма ауылдық округіне қарасты шаруашылық құрылымдары бойынша бүгінгі күнде 60 гектарға қарбыз (подпленка) егілді. Сыр беткейде 1700 гектар жаңа жоңышқа егу, сонымен қатар 2100 гектар күздік бидай және ескі жоңышқаның 6400 гектарына тырмалау жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар күріш егу науқанына дейін аяқталатын болады. Күріш дәнін тастау келесі аптада басталады. Қазіргі таңда «Казагрэкс» АҚ-ы Жаңақорған аудандық филиалы тарапы­нан шаруашылықтарда құйылған тұқымдарды себу дәрежесіне жеткізу үшін тұқым тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Алайда бұл жұмыстар өз дәрежесінде жүргізілмеуде. Келінтөбе ауылдық округінде санаулы шаруашылықтар тазаласа, Аққорған, Қожакент, М. Нәлібаев, Қыркеңсе, Жаңарық ауылдық округі мүлдем тұқым тазалауға мән бермей, тұқым сапасына салғырт қарап отыр, – деді ауданның бас аграномы Дәурен Абибуллаев.
Аудандық «КазСушар» өндірістік учаскесімен бірлесе отырып ағымдағы жылдың 27 наурыз – 10 сәуір аралығында ауылдық округтер бойынша ақ егістерді суару (жоңышқа, бидай) графигі бекітілген. Негізгі дақыл күріш егу жұмыстарын сәуір айының 18-нен мамыр айының 22-не дейін, суға бастыру жұмыстарын 25-ші мамырға дейін толық аяқтау бойынша күріш егу және суға бастырудың 5 күндік графигі бекітіліпті.
2023 жылы су нысандарын тазалау жұ­мыстары бойынша атқарылатын шараларына тоқталсақ. Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ар­қылы атқарылып жатқан іс-шаралар Қыркеңсе ауылдық округіндегі «ОК-1-3» су қашыртқысына 59,5 млн теңге және Байкенже ауылдық округі­нен «Дөңбай» каналына 23,7 млн теңге тазалау жұмыстарына бөлінген. Бүгінде осы каналдарға «Табиғат» МКК-мен мемлекеттік сатып алу заңдылығы бойынша тазалау жұмыстарын жүргізу үшін келісім шарттар жасалуда.
–Су шаруашылығы жұмыстарын жүргізудің жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге облыстық бюджеттен М.Нәлібаев ауылдық ок­ругіндегі «К-2-6-1» су қашыртқысына 1,134 млн теңге, «К-2-6-2-1» су қашыртқысына 0,96 млн теңге, Аққорған ауылдық округіндегі «Р-16-2-1» каналына 1,2 млн теңге, «Р-16-2» каналына 1,16 млн теңге қаражат бөлінді. Бүгінде аудан бойын­ша 195 км құрайтын жалпы су каналдарынан 115 шақырымы тазаланып 59 пайызға орындалса, ал биылғы егілетін 8346 гектар күріштік алқап­тарға баратын каналдардың тазалану барысын зерделеу кезінде ең қажетті деп табылатын 51 шақырым ұзындықтағы каналдарға тазалау жұмыстары жүргізілмеуде. Бұл атқарылмаған жұмыстардың негізінде өз кезегінде тиісті округтер бойынша күріш дақылының көлемі қысқартылатын болады, – деді бас аграном.
Жауапты маман атап айтқандай, Аққорған ауылдық округіндегі Р-11 каналы бойынан 41 шақырым және Қожакент ауылдық округіндегі Р-13, Р-18, Р-15 каналдарынан 4,7 шақырым, Өзгент және М. Нәлібаев ауылдық округтерінен Р-21-ден 1, Р-26-дан 2,5 және Р-24-тен 3,2 ша­қырымы тазаланбаған. Бұл ауылдық округтерге ішкі ка­нал­дарды тазалау жөнінде аудан әкімінің орынбасары Д.Тұрсынбаевтың қолымен бір­не­ше рет хат жолданғанымен ауыл әкімдері өз дәрежесінде орындамаған. Сонымен қатар аудандық су шаруашылығымен бірлесіп биылғы Сырдария өзенінің төменгі ағысына түсіп жатқан мол суды тиімді пайдалану жөнінде ауыл­дық округтерге түсіндірме жұмыстары наурыз айының басынан жүргізілгенімен осы каналдарды тазалау жұмыстарының салғырттығынан ақ егіске су алу науқаны кешеуілдеді. Егер алдағы 10 күндікте 15-сәуірге дейінгі мерзімде канал тазалау жұмыстарындағы олқылықтар орнына келтірілмесе күріш дақылын суға бастыру кезеңін кешіктіретін болады дейді сала маманы. Қалғанын уақыт еншісіне қалдырайық.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
11 сәуір 2023 ж. 222 0