№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Шағын кәсіптің Шырайы кіреді

Шағын кәсіптің Шырайы кіреді



Жобаның басталуына 3 апта уақыт қалды. Алайда, ереже толық шешілмегендіктен жастар құжат жинауға асықпауда. Бұл жөнінде алдымен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Асқар Ниязовтың мәлімдемесі жарияланды. Шағын несие 21-35 жас аралығындағы жастарға беріледі. – Міндетті түрде азаматтың жеке кәсіпкерлігі болуы керек. Жеке кәсіп жүргізіп отырғанына 5 жылдан көп уақыт болмауы шарт. Шағын несие 5 жылға, егер ауыл шаруашылығы саласында мал сатып алатын болса 7 жылға беріледі. Несиенің ең үлкен сомасы – 5 миллион теңге. Шағын несие болса да, міндетті түрде кепілдік болуы керек. Биыл 5 796 шағын несие беруге 29 миллиард теңгеге жуық қаражат қарастырылды. Несие «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы беріледі. Жергілікті бюджетке қаражат аудару барысындағы келісім-шарттарға қол қою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Содан кейін «Аграрлық несие корпорациясы» мен жергілікті әкімдіктер келісімге отырады. Наурызда жұмыс басталады деп жоспарланған, – деді Асқар Ниязов. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаевтың айтуынша, кепіл ретінде ауылдағы жылжымайтын мүлік те қабылданады. «Ауылдық жерде үйі болса, кепіл ретінде қабылдай аламыз. Ол туысының атындағы мүлік болуы да мүмкін. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ мүлікті бағалайды» – деді вице-министр. Айта кетейік, азамат өтінім бергеннен кейін 36 күн ішінде шешім қабылданады. Ол уақытта кепілге қойылған мүлік бағаланады. Бізде көбіне тұрғын үй кепілге қойылады. Егер жоба мақұлданып, үйдің құжаты дұрыс болса, қаржы беріледі. «Атамекен» Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының Жаңақорған аудандық филиалының директоры Асылжан Жолдасбековпен байланысып, тағы да пысықтай түстік. – Негізінен наурыз айында жоба жүзеге аса бастауы керек. Тек ереже бекітілмей тұр. Ең бастысы, бастама бар, сондықтан жастар осы бастан бизнес жоспарын, кепілге қоятын мүлкінің құжатын дайындап қойғаны дұрыс. Бұл жоба жастарға берілген тағы бір тамаша мүмкіндік. Ұсынылған жобаның маңыздылығына қарай несие көлемі тағайындалады. Оны өтеу мерзімі әр түрлі. Ал, төлем несие алған күннен 1,5-2,5 жыл аралығында демалыс алып, төлей бастау құқы бар. Несие алу бойынша жергілікті комиссия құрылып, жобаларды саралайтын боламыз. 35 жасқа дейін кез келген жастың қандай жобасы болса да өтінім бере алады, – филиал директоры. Бір нәрсені түсіну керекпіз, несие барлық жасқа беріле бермеуі мүмкін. Өйткені оның да шекті мөлшері бар. Оны уақытында көреміз. Көптің көкейінде тұрған сауалдың бірі егер басқа да несиесі барлар бұл жеңілдікке қол жеткізе ала ма? – Әрине, басқа да банкте несиесі бар тұлғалар ауға толық құқылы. Тек төлем тарихыы дұрыс болуы керек, кешіктіріліп төлеу немесе қара тізімге енгізілмеген болуы маңызды, – деді жауапты маман. Иә, мемлекет жастарға қолдауды күшейтті. Осыған дейін «Дипломмен ауылға!», «Жастар тәжірибесі», грант пен басқа да жеңілдіктер қарастырған болатын. Енді өте төмен бағамен несие беруге ниетті. Жастар тек қаражатты қажетіне жаратып, тиімді пайдаланса игі. – Бұл жоба жастардың ең бірінші өзінөзі жұмыспен қамтуына оң әсерін тигізеді. Аудан әлеуеті артып, шағын кәсіпкерліктің көкжиегі кеңейеді. Аудан бойынша 20 965 жас бар, бірақ олардың барлығы бұл несиеге қатысу құқы болғанымен, барлығына беріледі деген сөз емес. Ең бастысы, кәсіпкерліктің дамыту міндеті тұр, – деді аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Наурызбай Орынбасаров. Қалай десек те кәсіпкерлігі дамыған ауданға бұл жоба үлкен демеу болғалы тұр.

                                                                                                                              Әлібек Жарықбаев
11 ақпан 2023 ж. 260 0