Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кент жолдары алаңдатады

Кент жолдары алаңдатады

Жаңақорған ауданында жол тақырыбы өте өзекті. Әсіресе, кенттегі жолдарды жөні көпті алаңдатады. Сондықтан, тағы да жол мәселесін кезекті қозғап, жауапты мамандармен сұхбат құрдық.
2023 жылдың 6 айында автомобиль жолдары бағытында атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлар туралы жауапты бөлім мәлімдеме жасады. Біздегі ауылдарға қатынайтын күретамыр жолдар толығымен жыл соңына дейін күрделі жөндеуден өтеді. Яғни, жыл соңында аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 97,4 пайызға жетеді дейді жауапты сала мамандары. Бұл жұмысқа тікелей жауапты аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.
– Елді мекен көшелерінің жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 2022 жылы жөндеу жұмыстары аяқталған соң – 49,7 пайызға жететін болады. 2022 жылы аудан көлеміндегі автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерін және көпірлерді жөндеуге, тротуар салуға 1 078 234,4 мың теңге қаржы қаралған. Оның ішінде, республикалық бюджеттен – 264 217,4 мың, облыстық бюджеттен – 363 076,0 мың және аудандық бюджеттен 450 941,0 мың қаржы бөлінді, – деді  бас маман Дәулет Оразалыұлы.
Әлеуметтік желіде әңгіме болған «Самара-Шымкент-Аққұм» автомобиль жолын орташа жөндеу жайын жауапты маман асфальт сапасын анықтау жұмыстарынан кейін қабылданатын болады деп қысқа қайырды. Одан бөлек, Талап пен Қыраш елді мекеніне барар жол қайта жөндеуден өткізілді.  Қос ауылдың жолы осы айда қабылданады. Сол секілді, Тау самалы лагеріне кіре беріс жолдың шаруасы бітіп тұр. Оны да сараптап алып, қабылдаймыз дейді жауаптылар.
Жалпы, Жаңақорғандағы 26 кент және ауылдық округтің 489 көшесінің ұзындығы 589,4 шақырымды құрайды. Ауылдардағы көшелерге де аса маңыз берілуде. Бұл жауапты жұмыс ең бірінші ауыл әкімінің іскерлігіне байланысты. Өйткені, құжаты жүйелі, уақытты ұтымды пайдалана алған ауылға аудан әкімі бар мүмкіндік қарастыруда.
– 2022 жылы 18 елді мекеннің ұзындығы 21,2 км көшелерін жөндеуге және 3 елді мекенге жалпы ұзындығы 3,2 км тротуар салуға аудандық бюджеттен-450 941,0 мың тг қаржы қаралған. Қазіргі уақытта тротуар салу жұмыстары аяқталып пайдалануға берілген. Ағымдағы жылы аудандық маңыздағы 192,1 км автомобиль жолын күтіп-ұстауға 27 203,0 мың теңге қаралып, сатып алу жұмыстары нәтижесінде 15120,0 мың теңгеге «Аңсар Строй» ЖШС жеңімпаз деп танылды. Жыл басынан бері сметалық  құжатта қаралған ой-шұңқырларды жөндеу, жол үсті таңбаларын сызу, жол жиегіндегі шөптерді ору, жол белгілерін сырлау жұмыстары атқарылды. Қараша-желтоқсан айларында  қысқы тазалық жұмыстары атқарылатын болады, – деді бөлімнің бас маманы.
25 қазан 2023 ж. 348 0