» » Адам құқығы тапталмауға тиіс

Адам құқығы тапталмауға тиіс




Адам құқықтарын қорғау жүйесін нығайтуды жалғастыру қажет. Өмірдің барлық салаларында құқық үстемдігі қағидатын сақтау еліміздің қарқынды ілгерілеуінің іргетасы болуға тиіс. «Әрбір азаматтың өз құқығын қорғауға сенімді болуы, соттардың әділдігіне күмән келтірмеуі маңызды. Мұнда кәсібилігі жоғары және ақшаға сатылмайтын судьялар корпусын қалыптастыру шешуші рөл атқарады».
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған ҚР Парламентінің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде осылай деді. Демек, «ақшаға сатылмайтын» судьялар қалыптасса, елімізде әділетті қоғамның мерейі үстем болып, құқы тапталып жүрген отандастырымыз әділдікке қол жеткізеді. Заңға үстемдік етіп отырған тұлғалардың әділетті бұрмалаған жолы шектеліп, тынысы тарылады. Бұл бабалар аңсаған «Әділетті қоғамға» біртабан жақындай түсуімізге үміт сыйлайды. Президенттің осы бір пәрмені шындығында бұқараның пайымпарасаты, мәдениеті мен көзқарасын түбегейлі өзгертеді. Түптеп келгенде, мемлекеттің айбыны асқақ болуы үшін әрбір азаматтың өмірі маңызды. Осыны жақсы білген Президент халыққа әділетті қоғам құруда белсенділік танытуға үндеді. Демек, әрқайсысымыз отанымыздың алдында жауапкершілік жүгін көтеріп, айналамыздағы әділетсіздіктер мен келеңсіздіктерге жол бермеуге тиіспіз.
                                                                                                                                      Елеусіз СЕЙДЕМЕТОВ,
                                                                                                                                      еңбек ардагері
01 сәуір 2023 ж. 199 0