№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДЕ АДАМ ҚҰҚЫҒЫ ТАПТАЛМАУЫ МАҢЫЗДЫ

ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДЕ АДАМ ҚҰҚЫҒЫ ТАПТАЛМАУЫ МАҢЫЗДЫ



Біз БАҚ өкілі ретінде халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасағандықтан елдің әлеуметтік жағдайын көзбен көріп жүрміз. Кең байтақ елімізде бейбітшілікте өмір кешіп, татулықты сақтаған көпұлтты мемлекетте ең бірінші кезекте адам құқықтарын сақтауды мақсат еткен елміз. Біз бай мен кедей деп кемсітпейтін, әйелді ерлерден төмендетпейтін тең құқылы әрі сөз бостандығы бар елміз. Бұл тек заясында ғана емес, іс жүзінде де қалыптасуы үшін әрбір азамат өз құқын білуі керек. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған ҚР Парламентінің бірінші сессиясында: «Адам құқықтарын қорғау жүйесін нығайтуды жалғастыру қажет. Өмірдің барлық салаларында құқық үстемдігі қағидатын сақтау еліміздің қарқынды ілгерілеуінің іргетасы болуға тиіс. Әрбір азаматтың өз құқыған қорғауға сенімді болуы, соттардың әділдігіне күмән келтірмеуі маңызды. Мұнда кәсібилігі жоғары және ақшаға сатылмайтын судьялар корпусын қалыптастыру шешуші рөл атқарады», – деді.
Демек, «ақшаға сатылмайтын» судьялар қалыптасса, елімізде әділетті қоғамның мерейі үстем болып, құқы тапталып жүрген отандастырымыз әділдікке қол жеткізеді. Заңға үстемдік етіп отырған тұлғалардың әділетті бұрмалаған жолы шектеліп, тынысы тарылады. Бұл бабалар аңсаған «Әділетті қоғамға» бір табан жақындай түсуімізге үміт сыйлайды. Президенттің осы бір пәрмені шындығында бұқараның пайым-парасаты, мәдениеті мен көзқарасын түбегейлі өзгертеді. Өз құқығын қорғай алатын адам өз отанын қорғауға қабілетті болмай ма? Түптеп келгенде мемлекеттің айбыны асқақ болуы үшін әрбір азаматтың өмірі маңызды. Осыны жақсы білген президент халыққа әділетті қоғам құруға белсенділік танытуды үндеді. Демек, әрқайсысымыз отанымыздың алдында жауапкершілік жүгін көтеріп, айналамыздағы әділетсіздікке мен келеңсіздіктерге жол бермеуге тиіспіз.
Меніңше, әрбір адам құқықтық сауаттылығын арттырып ғана қоймай, жанында жүрген жандарға да құқықтық насихат жүргізіп, елдің дамуына серпін бергені жөн. Санамызды сәулелі нұрға толтырып, рухани құндылықтарымызды аялап, заманауи үрдістерді де меңгеріп, озық мәдениет қалыптастырсақ ұтарымыз мол. Ендеше, өзгерісті ең алдымен өзімізден бастайық! Өз құқымыздың тұғырына қонуына күш біріктірейік, қадірлі отандастарым!

                                                                                                                                            Мақпал МАРҚАБАЙ
29 наурыз 2023 ж. 160 0