№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Азаматтық қоғамның адымы кең

Азаматтық қоғамның адымы кең



Бейсенбі күні VIII шақырылған аудандық мәслихаттың бірінші сессиясы өтіп, оған аудандағы мекеме-ұжым басшылары, кент және ауыл әкімдері қатысты. Жиында аудан әкімі Мұрат Тілеуімбетов сайлауда жеңіске жетіп, депутат мандатына ие болған азаматтардың қызметіне табыс тіледі.
– 2023 жылдың 19 наурызында елмізде ҚР Парламенті мен мәслихатының сайлауы өтті. Өткен сайлаудың ерекшелігі, аудан мәслихаттары депутаттығына партиялармен қатар көптеген азаматтар бірмандаттық округтен өзін-өзі ұсынды. Партияларға да, үміткерлерге де бірдей мүмкіндік берілді. Міне, соның нәтижесінде аудан мәслихатының 75 пайызы жаңарды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кешегі өткен VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылу салтанатында ел қалаулыларының алдына 8 басым бағыт-бағдарды міндет етіп қойды.
Жергілікті атқарушы және өкілетті органдар ретінде біз де осы басым бағдарлар бойынша жұмыс атқарамыз, – дей келе алдағы уақытта ел игілігі үшін бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Сонымен бірге алдыңғы депутаттардың еңбегіне де рахметін айтты. Жаңақорған аудандық мәслихатының VIII шақырылымдағы бірінші сессиясының жұмысын жүргізу тізгінін қолға алған аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Сардармұхамедуәли Садықов 2023 жылы 19 наурызда өткен Парламент мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау негізінде түзілген Жаңақорған ауданы мәслихатының жаңа құрамын таныстырды. Оларға салтанатты түрде куәліктерін табыс етті. Келесі кезекте аудандық мәслихаттың төрағасын сайлау жөнінде депутат Әлібек Нәлібаев сөз алып, өз араларынан тәжірибелі тұлға, бұған дейін де өзін осы жауапты қызметте көрсете білген Ғалымжан Сопбековтың кандидатурасын лайықты деп санайтынын жеткізді. Ұсыныс бірауыздан қолдау тапты.
Келесі кезекте Ғалымжан Жарқынбекұлы мінберге көтеріліп, биік сенім көрсеткендері үшін әріптестеріне алғысын білдірді. Алдағы уақытта бір кісідей жұмылып, елдің ортақ мүддесі жолында шынайы қызмет атқаруда депутаттардың әрбірінің белсенділігі маңызды екеніне тоқталып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Одан әрі сессияға қатысушылар алдында жаңадан сайланған депутаттар арасынан ережеге сай міндеттіліктерді бөлу, лауазымдық өкілеттіктерді нақтылау бойынша тұрақты комиссияларын құру және олардың сандық құрамын белгілеу, екінші, тұрақты комиссияның мүшелері мен төрағаларын сайлау, үшінші, депутаттық партия құру туралы ережені таныстырды. Ұсынылған жобаға сәйкес бюджет, құрылыс, өнеркәсіп, коммуналдық шаруашылық, сауда және кәсіпкерлік салалары бойынша тұрақты комиссияның төрағалығына тәжірибелі басшы Жасұлан Бекенұлы таңдалды.
Екінші, халықты әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, экономика, жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссия төрағалығына депутаттардың ұсынысы негізінде әлеуметтік салада ысылған маман Жаңабек Оразбекұлы ұсынылды. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша депутаттық фракция туралы «AMANAT» партиясы фракциясы жетекшісі Құралай Орынбасарова сөз алды. Ол сөзінде «AMANAT» партиясының саяси бюросы өтіп, онда Жаңақорған аудандық мәслихатына партиялық депутаттық фракциясын құру және оның жетекшісі туралы мәселелер қаралғанын, осыған орай ҚР Жергілікті және өзін-өзі басқару туралы ҚР Заңының 21 бабы, 2 бөлігін басшылыққа ала отырып, Жаңақорған аудандық мәслихатына «AMANAT» саяси партиясының депутаттық фракциясын тіркеуді ұсынды. Фракция жетекшісі ретінде өзін және мүшелерін таныстырды.
Сессия жұмысын аудандық мәслихаттың төрағасы Ғалымжан Сопбеков қорытындылады. 

                                                                                                                                                Баян ҮСЕЙІНОВА
01 сәуір 2023 ж. 162 0