№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қыл үстіндегі қызметте шыңдалған

Қыл үстіндегі қызметте шыңдалған



Жаңақорған аудандық өрт сөндіру бөлімінде бір шара өтетін болып, мекемеге арнайы шақырумен бас сұққан едік. Алдымен қабырғада жағалай ілініп қойылған қызмет бабында мерт болған азаматтардың фотосуреттеріне көзіміз түсті. Осының өзі аса ауыр қауіппен бетпе-бет келетін аталмыш саланың оңай-оспақ міндет еместігін мойындатқандай.
Біз бүгін бөлім басшысының өз ұсынысы бойынша газет бетіне шығаруды мақсат еткен кейіпкеріміз Өскен Мүбаракпен сұхбаттасқан едік. Кәсіби маманның қысқаша сұхбатында өзі туралы айтудан бұрын халыққа сақтық ережелерін ескертуге ерекше ден қойғанының өзінен кәсіби міндетіне шынайы берілген адал азамат екенін аңдап, іштей сүйсінгенімізді де жасыра алмаймыз. Ол 1995 жылы 7 тамызда Жаңарық ауылында дұниеге келіпті. Ауылдағы №167 орта мектебін 2012 жылы тәмамдаған ұланның ойы әскери маман болсам деген ұстанымға тоқтайды. Бірақ қай оқу орнын таңдаған дұрыс. Сол күндері өзінен екі сынып жоғары оқыған көше бойында тұратын Досымхан деген жігіт демалысқа келіп, ауылда жүрген еді. Өзі оқитын институт туралы курсанттың қызықтырып айтып берген әңгімесіне көңілі ауып, құжаттарын дайындап осы оқудың соңына түскен. Тәртіп бойынша облысқа барып медкомиссиядан өтіп, Көкшетау қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы академияда кешенді тестен өтіп, 2013 жылы Көкшетау қаласындағы техникалық институтына курсант болып қабылданады. Бұл оқу орнын 2017 жылы мамыр айында бітіріп келіпті. Келген бойда Жаңақорған ауданы бойынша №10 өрт сөндіру бөліміне қарауыл бастығы лауазымына тағайындалады. Қызметке қабылдана сала қаншама өрт оқиғалары болды. Одан басқа ішкі қызметте шыңдалу шаралары бар. Сондай тапсырмалардың барлығында қырағы қимыл, ерекше ептілігімен көзге түсіп, 2019 жылы тамыз айында Жаңақорған аудандық төтенше жағдайлар бөліміне қызметке ауыстырылыпты. Осы бөлімде 2021 жылдың қараша айында дейін инженер болып жұмыс атқарғанын айтты. Біз Өскен Бақытқалиұлынан осы қызмет барысында есте қалған ерекше оқиға туралы айтып беруін өтінген едік. – Шілде айының іші болатын, – дейді ол. Ауысымды тапсырғанмын. Бір азамат хабарласып, жас әйел азаматтың ішімдік ішіп, қолындағы сәбиімен дарияға құлап кетпекке бекініп отырғанынан сезік алғанын айтты. Балық аулап отырып осы жайға анық көз жеткізген сыңайлы. Жұмыс уағының аяқталғанына қарамай автокөлігіммен шұғыл оқиға орнына асықтым. Жағаға жете бере шешінбестен дарияға күмп беріп суға ағып бара жатқан келіншекті қолындағы баласымен тез жағаға шығарып үлгірдім. Анықтағаным, бұл азамат 1998 жылы туылған азаматша екен. Көлігіме салып алып ата-анасының қолына табыстады Осы құтқару операциясын назарға ілген басшылық мені наградаға ұсынып, сол жылы Төтенше жағдайлар министрлігінің төсбелгісімен марапатталдым. Қараша айында Жаңақорған аудандық өрт сөндіру бөліміне қайта қарауыл бастағы болып ауыстым. Келіншегім екеуміз бір мекемеде жұмыс істейміз. Төрт перзентіміз бар. Әкем 2004 жылы өмірден озып кетті. Қазір өзім қарашаңырақта анамның қолындамын, – дейді ол. Әр саланың өз қиындығы бар. Бір сөткеде аудан көлемінде орын алатын өрт, жану оқиғаларына жауапты болатын мамандар жұмысын басқару да аз жүктеме емес. Адам өміріне қауіп-қатер жағдайы тағы бар. Бұл жағы жас та болса кәсіби маманды сақтық ережелеріне сергек қараудан жаңылдырған емес. – Қарамағымда жеті қызметкер, өзіммен сегізбіз, әрбір жаңа күн қандай қатерді еншілетері беймағлұм. Таңертең жұмысқа аттанарда отбасы мүшелерінің барлығының бетінен сүйіп, қызметке іштей қоштасып шығатынымыз рас. Өрт сөндіру қызметінде арнайы техникалық ережемен, жағдайды жедел талдап қабылданған принциппен қимылдауға жұмыламыз. Өзім бастап шешуші бағытты белгілегенде ең бірінші әрекетіміз – адам өмірін аман алып қалу, құрбандарды жедел қауіпсіз аймаққа шығаруды көздейміз. Одан кейінгі амал - жарылыс қаупінің алдын алуды анықтай алуымыз керек. Үшінші бағыт, өрт ошағының күшті шоғырланған аймағын анықтап күшті сонда бағыттау, төртінші обьектінің жанбаған бөлігін аман алып қалуға тырысу, бесінші өрттің көршілес ғимараттарға таралмауын, алдын алуды назарда ұстауымыз керек, - дейді өз саласының маманы. – Ұққанымыз, жалындағын өрттің бетін де өз ережесімен жұмыс жасау арқылы өз ырқына көндіргенде шығын көлемін азайтуға септігін тигізуге болады екен. Сайып келгенде, қай салада болмасын кәсіпқойлықтың жөні бөлек екеніне көзіміз жете түскендей. Ойымызды тірілткен кеіпкеріміз саңлақ қарауындағы қызметкерлермен күн сайын тәжірибелік сабақ, практикалық іс-шараларда әрбірінің қарымқабілетіне әбден сыралғы болып қалғанын айтады. Өрт оқиғаларының барлығында команданы бастап өзі жүреді. Жалындаған өрт ішіне қойып кетіп, тиісті ориентир алғаннан кейін сол білгені кәдеге жарап жататынын да жасырмады. – Биыл жыл басынан бері ауданда 19 өрт оқиғасы және өртке жатпайтын жану оқиғасы болыпты. Көбінде «Шығасыға иесі басшы» дегендей жағдайлар себеп. Қысқы жылыту маусымына тұрғындардың дайындық жасамайтыны, өрт қауіпсіздік шараларына бей-жай қараудың ақыры орны толмас өкінішке ұрындырып жататынына өздері талай куә болып жүр. Сактық шараларына салғырт қарағанымен құнды дүниелері қолдан кетіп бара жатқанында жан терге түспейтін пенде жоқ. Ондайда әсіресе зардап шегушілер үшін аса құнды саналатын құжаттарын, ақшасын, бағалы бұйымдарын аман алып қалуды бірінші кезекке қоятынын айтады. Маманның айтуынша, аудан бойынша әмбебап холматра құралы тек осы мекеменің қолында ғана бар екен. Жол-көлік апаты оқиғалары болғанда 102-нің шақыруымен тез жетіп, темірді қырқып, ашып, адамдарды алып шығуа осы арнайы құралдың көмегіне сүйенетінін айтты. Кәсіби маманнан тұрғындардың жиі шағымданып жататын мәселесі: «Өрт сөндіру көліктері кешігіп келеді, суы жоқ» деген құралыптас сын айтылып жататынның сырын да сұрадық. Бұл сауалымызға ол былай деп жауап берді: «Дабыл белгісі қосылған уақытта екі минутта шығып кетеміз. Арнайы киімді киіп, көлікті от оталдыру, келесі минут ауа жинау құрылғымызды жабдықталуға кетеді. Көлікке 5 тонна су сияды. Жеткен бойда жалынның күшті жеріне бағытталып, айналасы жеті минутта су таусылады. Мұны білмейтіндер сусыз келеді дейді. Басты мәселе, тұрғындар барынша сақтық амалдарын жасасын. Үйлеріндегі электр сымдарын уақтылы тексеріп, ескіргенін жаңалап отыруға көңіл бөлінгені жөн. Сапасыз сымдарды қойғанда қысқаша тұйықталу болып, содан өрт шығады. Тағы бір ескертетін жағдай, көше қозғалысында арнайы көліктердің сиренасын жағып, белгі берген сигналына да мән бермей, жол бермей тұратын жағдайлар көп. Тыныс алатын арнайы аппаратпен жылдам белгілі орынға жетіп адам өмірін алып қалу бәрінен маңызды. Айналадағы жайбарақат жүргендер осындай жауапты жұмыста кедергі болуы адамгершілікке жататын нәрсе емес, – дейді.

                                                                                                                                       Баян Үсейінова
26 наурыз 2023 ж. 149 0

Ұқсас жаңалықтар: