№49 (8863) 5

05 шілде 2025 ж.

№48 (8862) 1

01 шілде 2025 ж.

№47 (8861) 28

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » САРЫАРҚА ТӨРІНДЕ АРҚАР САНЫ АРТА БАСТАДЫ

САРЫАРҚА ТӨРІНДЕ АРҚАР САНЫ АРТА БАСТАДЫ


Қарағанды облысында ақбөкен мен арқардың саны көбейді. Мамандар бұл жануарлардың мекендейтін аймақтарына авиаесеп жүргізді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі nv.kz сайтына сілтеме жасап.

Алдын ала болжам бойынша, киіктердің саны 50 мыңнан асқан. Осыдан үш жыл бұрын киіктер жаппай қырылып, көрсеткіш 36 мыңға дейін төмендеп қалған еді.
Арқардың саны биыл 500-ге артқан, яғни қазір аймақта 8 мың арқар бар.
«Бұл жануарлардың саны артып отыр. Оларды қорғау жұмыстарыда жүзеге асырылып жатыр. Бірнеше топ осы жұмысқа жауапты. Олар киік пен арқар мекендейтін аумақты үнемі бақылап, есепке алады. Бірнеше бағыттарда күзет жұмыстарын жүргізетін топтың мүшелері заңсыз аң аулаушылықтың алдын алып отырады», - дейді орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аймақтық инспекциясының бас маманы Евгений Протас.
14 мамыр 2018 ж. 2 667 0