№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » БОЛАШАҚТА РОБОТТАР ҚАРТТАРҒА ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ

БОЛАШАҚТА РОБОТТАР ҚАРТТАРҒА ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ


«2025 жылға қарай медперсоналдың саны қысқарады» деген болжам негізінде Жапония үкіметі медициналық саладағы роботтардың үлесін арттырмақ, деп хабарлайды «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі британдық The Guardian басылымына сілтеме жасап.
Әзірлеушілер қарт адамдарға төсектен тұруға, мүгедектерге арналған креслоға отыруға, ванна қабылдауға көмектесуге бағытталған құрылғыларға үміт артып отыр. Уақыт өте келе роботтар олардың қашан дәретханаға барғылары келетіндігін де болжай алатын болады. Озық ғылымдар және технологиялар ұлттық институтының робоинновацияларды зерттеу орталығының басшысы Хирохисо Хирукаваның пікірінше, робототехниканың енгізілуі өз үйлерінде тұратын адамдардың өз бетінше өмір сүрулеріне көмектеседі. Оның айтуынша, қазір роботтар қарт адамдарға арналған үйлердің 8 пайызында ғана қолданылады екен. Бұл олардың қымбат болуына және бастапқы кезде психологиялық тұрғыдан қабыладамаушылыққа байланысты болмақ.
28 сәуір 2018 ж. 1 498 0