№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айырылды

Көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айырылды


     

    Жаңақорған аудандық сотында соталушы К. қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 346-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қаралды.
Сотта анықталғандай сотталушы К. Жаңақорған аудандық сотының 2019 жылғы 29 қазандағы қаулысымен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, бес жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлға бола тұра, 2022 жылдың 26 қарашасы сағат19.00  шамасында Жаңақорған кенті Құрманғазы көшесі бойында өзінің басқаруындағы автокөлігін алкогольді масаю күйінде  қарсы бағытқа шығып басқарып, жәбірленуші М-тың басқаруындағы автокөлігінің алдыңғы сол жақ қапталына соғып, соқтығыс салдарынан жәбірленушінің автокөлігіне мүліктік залал келтіріп, оның денсаулығына орта дәрежелі зиян келтірген.
 
Сотта сотталушы К., өзіне тағылған айыпты толық мойындап, жасаған іс-әрекетіне өкінетінін, бұл қылмысты абайсызда жасағанын, жәбірленушіге келген залалды толық өтеп, онымен татуласқанын, жәбірленуші кешірім бергенін, өзі үшінші топ мүгедегі екенін айтып, асырауында кәмелетке толмаған төрт баласы барын көрсетіп, өзіне жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
Оның қылмыстық әрекеті іс құжаттарымен жәбірленуші, куәлердің жауаптарымен толық дәлелін тапты.
 
Аудандық соттың үкімімен сотталушы К.  Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 346-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз   мекемелерінде өтеу белгіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
01 наурыз 2023 ж. 159 0