№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Колледж спортының көкжиегі

Колледж спортының көкжиегі


Әдетте волейбол спорты десек ойға Байкенже мен Жаңарық ауылдық округі оралады. Ал білім беру ұйымдары арасынан агро-колледж ұстаздарының шоқтығы биік. Оны жуырда өткен аудан біріншілігінде әйелдер командасы тағы бір дәлелдеді. Басқа да спорт түрлерінен студенттер мен түлектер республикалық турнирлерде тер төгіп жүр. Сондықтан колледждегі спорттың бүгінгі тыныс-тіршілігін таразылап көргенді жөн көрдік.


Жаңақорған аграрлы-техника­лық колледжі жасөспірімдердің бойына тек білім нәрін, рухани құндылықтарды сіңірумен шек­телмей, салауатты өмір салтын ұстанып, дене қимылының дамуына баса назар аударып келеді. Соның нәтижесінде колледж қызметкерлерімен қатар студенттері де бірнеше жыл үздіктер қатарынан көрініп келеді. Оқу орнындағы спорт секциялары 2005-2006 жылдан бастап жолға қойылып, осы жылдар аралығында аудандық, облыстық сауықтыру шараларында жақсы нәтиже көрсетіп келеді.
Бүгінде тәлімгерлерді спортқа баулу мақсатында колледж ғимаратынан кешкі жаттығу залы ашылған. Онда студенттер мен қызметкерлер бұқаралық спорт түрлерімен айналысады. Бұл жастар арасында бұқаралық спортты дамытуға деген нық қадам болары анық.
Колледждегі үйірме жаттық­тыру­шылары қатарында волей­болдан студент жастар мен қызметкерлерге жетекшілік ететін Әсел Нарымбетованың жетістігі бір төбе. Волейболдан облыстық колледж аралық жарыстарда әйелдер құрамасы 3 дүркін чемпион атанса, ерлер 7 рет чемпиондықты қолдан бермеген екен. 4-5 ақпанда Қызылорда қаласында өткен колледжаралық турнирде бірініші орынға табан тіреген. Аналар мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған волейболдан әй­ел­дер арасындағы аудандық турнирде алтынды ешкімнің уысына түсіре қоймады.
– Алғаш 2006 жылы кәсіптік білім беру ұйымдары студенттері арасында өткен облыстық спартакиада ойындарында жалпы командалық есепте бірінші орынды иемдендік. Бір әттеген-ай деген тұсымыз оқу ордасында жастар арасында командалық спорт кенжелеп тұр. Өйткені аудандағы жалғыз кәсіптік білім беретін колледж студенттеріне қарсылас команда жоқтың қасы. Мектеп лигасына шыға алмайды. Соған қарамастан Серікболсын Балтабай мен Шерхан Жиенхан волейбол спортынан 17-ші топ құрамында өнер көрсетіп жүр, – дейді дене шынықтыру пәні мұғалімі Жұмахан Нұртазаев.
Сонымен қатар дәстүрлі өтетін Мұхтар Нарымбетов пен Әділ Қадіровты еске алуға арналған волейболдан ардагер спортшылар арасындағы турнирде колледж командасы жарыс жолында жүреді.
Студенттердің спорттық шеберлігін шыңдайтын үстел теннисі, қазақ және белбеу күресі, футбол үйірмесі жұмыс жасайды. Оқу орнында облыстық, республикалық деңгейде шеберлігін танытып жүрген тәлімгерлер оқиды. Айберген Алдаберген қазақ күресінен 90 келіден жоғары салмақта Қазақстан құрамасының мүшесі, Айтбек Жанарыс 2019 жылы белбеу күресінен республикалық чемпионаттың қола жүлдегері атанды.
Стол тенниісінен жетекші Нұрбол Құлажанов аудан құрамасының облыстың екі дүркін чемпион деген атағы бар.
Колледж спортының бүгінін зерделегенде түйген ойымыз мекемеде студенттер мен қызмет­керлер арасында дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық жұмыстарды жақсартуға көп көңіл бөлінген. Ол үшін барлық жағдай да жасалған. Спорт және жаттығу залдары бар. Алдағы уақытта да колледж спорттық жарыстарда үлкен жетіс­тіктерге жетіп, білімгерлер биік белестерді бағындыратыны шүбәсіз.
Ең бастысы, Жомарт Шауенов басқаратын білім ордасының ұстаздарының спорттық сайыстарда бәсекеге қабылеттілігі көпке үлгі.

Майра ҒАНИЕВА
14 наурыз 2020 ж. 650 0