№42 (8856) 10

10 маусым 2025 ж.

№41 (8855) 3

02 маусым 2025 ж.

№40 (8854) 31

31 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Астанада Аягүл Мантайды еске алу кеші өтті

Астанада Аягүл Мантайды еске алу кеші өтті



Мұқағали залында өткен бұл іс-шарада Аягүлдің қаламдас аға-әпкелері, құрбы-достары естелігін бөлісті. Кештің ұйымдастыруына атсалысқандар – Аягүлдің жақсы араласқан достары Жазира Есекеева, Бану Оңдасынова, Алма Сайлауқызы.
Аягүл Мантай еңбек жолын 2003-2005 жылдарда «Жас Қазақ үні», «Ақ жол Қазақстан» газеттерінде бастаған. Сонымен қатар, «Ақ желкен» журналында, «Түркістан», «Айқын», «Ақ босаға» газеттерінде әңгімелері, сұхбаттары, мақалалары тұрақты түрде жарияланып тұрған. 2005-2009 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетіне қызметке тұрса, 2012 жылы «Жас Қазақ» газетінің мәдениет бөлімінде тілші болды.
2009 жылдары жазушы, баспагер Бексұлтан Нұржекеев «Жалын» баспасынан «Жас толқын» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Аягүлдің алғашқы кітабы «Жаңбырлы көктем» әңгімелер жинағы шыққан. Арада 10 жыл өткен соң, ақын Айжан Тәбаракқызы 2019 жылы Аягүлдің «Жүрекке оралу» кітабын «Қаламгер» баспасынан шығарды. Сол жинақтың шығуына орай Аягүлдің шығармашылық кештері Алматы, Шымкент, Түркістан, Тараз қалаларында өтті
20 ақпан 2023 ж. 326 0