Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Балаларға берілетін ата-ана қолхаты өзгертілмек

Балаларға берілетін ата-ана қолхаты өзгертілмек



Баспасөз мәслихатында «Өзіңіз білетіндей, балалар ата-әжесі немесе басқа да жақындарымен алыс жолда шыққанда міндетті түрде ата-анасының нотариуспен бекітілген қолхаты талап етіледі. Бұл адамның қолын байлайды. Осы процесті цифрландыру мүмкін бе?», деген сұрақ қойылды.
Сауалға Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков пікір білдірді.
«Өзекті мәселе шынымен де. Біз бұл мәселені қазір қарап жатырмыз. Басқа мемлекеттерге қалай шешіліп жатыр деген сияқты. Келесі бір кездесуде сіз көтерген мәселеге қатысты жақсы бір ұсыныспен шығамыз деп ойлаймын», – деді министрдің орынбасары.Бұған дейін Бекболат Молдабеков хабарлағандай, соңғы екі аптада 440 жұп мобильді қосымша арқылы неке қидырған.
Оның айтуынша, неке қиюдан басқа да мемлекеттік қызметтер бойынша мобильді қосымшаның көмегіне жүгінуге болады.
13 ақпан 2023 ж. 176 0