№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

№22 (8936) 28

28 наурыз 2026 ж.

№21 (8935) 22

22 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » «Saqbol» қосымшасы COVID-19 жұқтырғандардың санын азайтады

«Saqbol» қосымшасы COVID-19 жұқтырғандардың санын азайтады


Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустық инфекцияның таралуын бақылау және жұқтыру ошақтарын уақтылы оқшаулау мақсатында «Saqbol» мобильді қосымшасын ұсынды.


Қосымша хабарлама функциясын іске қосу арқылы COVID-19 үшін оң нәтиже көрсеткен азаматқа соңғы 14 тәулік бойы екі метрден аз қашықтықта және 15 минуттан астам уақыт ішінде қосымшаның басқа пайдаланушыларымен байланысы туралы жасырын түрде ескертуге мүмкіндік береді.
Басқа құрылғылармен өзара іс-қимыл жазбаларын сақтау үлгісі шифрланған болады.
«Saqbol» қосымшасын қолдануға, біріншіден смартфонға жүктеп, одан кейін шифрланған деректер берілетін Bluetooth функциясын қосу керек. Қосымша IOS және Android-та қолжетімді.
Хабарламаны алған пайдаланушылар қосымшада Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұдан әрі іс-қимылдары туралы ұсынымдарымен таныса алады.
Бұдан басқа, пайдаланушыларға ыңғайлы болу мақсатында қосымшаға өзін-өзі анықтаудың COVID-19, i-Doctor, i-Teka ресми боттары, сондай-ақ Қазақстан бойынша COVID-19 өзекті статистикасы сияқты сервистер біріктірілген.
25 қараша 2020 ж. 591 0