№48 (8862) 1

01 шілде 2025 ж.

№47 (8861) 28

28 маусым 2025 ж.

№46 (8860) 24

26 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Бір мұғалімнің 5 пәннен сабақ беруін тоқтаттық – әкім

Бір мұғалімнің 5 пәннен сабақ беруін тоқтаттық – әкім



Ералы Тоғжанов аталған жоба аясында білікті мұғалімдер онлайн форматта ауылдағы оқушыларға сабақ беретінін жеткізді.
"Жобаны 5 пән бойынша енгіздік: математика, физика, химия, биология және ағылшын. Бүгін онлайн режимде деңгейі ең жоғары 36 мұғалім сабақ береді. Ауылдағы мұғалімдерді қысқартқан жоқпыз. Оларды қалдырдық. Мұғалімдер балалармен бірге отырады. Осылайша, ауылдағы мұғалімнің өзі жоғары деңгейлі ұстаздардың сабағын балалармен бірге тыңдап, деңгейін көтереді", – деді өңір басшысы.
Облыс әкімі ауылдағы оқушылардың білім деңгейі қаладағы балалармен салыстырғанда төмен екенін ашық айтты.
"Жобаны неге енгіздік? Себебі, бүгінде ауылдағы балалардың білім деңгейі қаладағы білім деңгейінен 15% төмен. Бір сөзбен айтқанда, (ауылдағы балалар – авт.) өркениеттен алшақ жатыр деп айтсам артық емес. Сондықтан бұл өте маңызды. Жобаны іске қосу нәтижесінде кадр мәселесі шешілді. Балаларды тасымалдау және интернат мәселесін шештік", – деді Ералы Тоғжанов.
17 ақпан 2023 ж. 205 0