» » Досаев азық-түлік бағасы туралы: «Баға күрт төмендейді деп ойлаудың қажеті жоқ»

Досаев азық-түлік бағасы туралы: «Баға күрт төмендейді деп ойлаудың қажеті жоқ»



Әкім атап өткендей, әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын тежеу жұмысы 2022 жылдың күзінде басталған. Бұл мақсатқа әкімдік 15 млрд теңге бөлді. Көктемде алғашқы егін басталады. Әкім сол кезде жылдам өсетін позициялардың бағасы өз орнына келеді деп үміттенеді.
 
«Қалада  «Алтын Ордадан» басқа жеткізушілер пайда болды. Ірі желілер жеткізушілермен тікелей жұмыс істей бастады, сондықтан баға төмендеді. Басқа көтерме саудагерлер де тиімді шешім табады деп сенеміз», деді Ерболат Досаев.
 
Ол қалаға көкөніс, жеміс-жидек, еттің 75%-ы «Алтын Орда» базары арқылы жеткізілетінін баса айтып,  бағаның күрт төмендеуін күтудің қажеті жоқ екенін назарға салды.
 
«Біз Ақсу қант зауытымен келісімге қол қойдық, мен бұл жобаға 2,6 миллиард теңге бөлдім. Биыл қант бағасы шарықтамайды деп үміттенемін. Нан бағасы тұрақты болып тұр, біз оны  субсидияладық. Жергілікті бюджеттен қаражат бөлінген», деді әкім.
 
Бұл ретте азық-түліктен басқа тауарлардың бағасы көтеріліп жатыр. Әкім мұны геосаяси жағдаймен байланыстырып отыр.
 
«Наурызбай ауданына келсек, көтерме сауданың дамуының өзі жоғары деңгейде емес және бір-бірімен бәсекеге түсетін дүкендер аз. Бірақ біз оны бақылауда ұстаймыз, күш саламыз. Ұсынысын айта келген кәсіпкерлерді қолдадық. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша ненің өзгергенін, ненің өзгермегенін қараймыз»,  деп түйіндеді Алматы әкімі.
17 ақпан 2023 ж. 106 0