» » Қызылордада емдік шайдан есірткі табылды Қоғам 16.02.2023 11:22

Қызылордада емдік шайдан есірткі табылды Қоғам 16.02.2023 11:22



Аталған мекемесінде жазасын өтеушіге әкелінген сәлем-сауқаттың ішіндегі  «Фито», «Зерде» емдік  шай қалташаларының құрамы алмастырылып, 35 қалташадағы емдік шайдың орнына ұнтақ тәріздес әрі ерекше иісі бар зат салынған болып шықты. 
Орын алған дерек бойынша жедел түрде «102» арнасына хабарланып, мекемеге Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы  шақыртылып, тыйым салынған зат тәркіленіп, сот-химиялық сараптама тағайындалды.
«Сот-химиялық сараптамасының қорытындысымен 47 гр «кептірілген марихуана    екені анықталды. Аталған дерекке қатысты  Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігімен( Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр», - делінген ҚАЖ департаментінің хабарламасында.
16 ақпан 2023 ж. 111 0