№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ауыл медицинасы мәселелері туралы

Ауыл медицинасы мәселелері туралы


Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, 2023 жыл елімізде ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсартуға арналды.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалы және облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен, бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың (бұдан әрі – БМСК) өкілдерінің қатысуымен өткен кеңейтілген жұмыс мәжілісі барысында ауыл медицинасының өзекті мәселелері қаралды.
Күн тәртібінде өңірде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру, ауыл тұрғындары қатарындағы тұрғындардың қосымша нысаналы топтары үшін скринингтік зерттеулері, стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда ауыл тұрғындарына мамандандырылған медициналық көмектердің орындалған көлемдері, сондай-ақ БМСК ұйымдарында консультациялық-диагностикалық қызметтер, профилактикалық тексерулердің жүргізу мәселелері қаралды.
Жоғарыда аталған тақырыптар бойынша Қор филиалының мамандары: медициналық көмекті жоспарлау, орындалуын талдау және болжау бөлімінің басшысы Данияр Нұрымжанов, медициналық көмектің сапасын бақылау және шарт міндеттерін мониторингтеу бөлімінің басшысы Гүлнар Кенжебаева, ақпараттық технологиялар жөніндегі бас сарапшы Азамат Сқақов баяндады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық қызметтерді стратегиялық сатып алушы болып табылатыны баса айтылды. Медициналық қызметтерді сатып алуды, төлеуді және мониторингті дайындау сатысында МӘМС-дың активтерінің ұтымды, тиімді пайдаланылуына бақылау жүргізеді.
Басты мақсат – пациенттің мүддесі үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру.
15 ақпан 2023 ж. 201 0