№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Дөңге​лектегі емхана: консультациялық-диагностикалық қызметтер, дәрігерлердің кеңесі, ауруханаға жатқызу жолдамасы ауылда қолжетімді

Дөңге​лектегі емхана: консультациялық-диагностикалық қызметтер, дәрігерлердің кеңесі, ауруханаға жатқызу жолдамасы ауылда қолжетімді



Ауыл тұрғындарының денсаулығын қорғау және ауылда сапалы медицинаның қол жетімділігін қамтамасыз ету - денсаулық сақтау жүйесінің ажырамас бөлігі.  «Дөңгелектегі емхана» деп аталатын жылжымалы медициналық кешендер (ЖМК) өңірдегі ауыл тұрғындарына  медициналық қызмет көрсетуде. Мобильді медициналық кешендердің бірі Жалағаш ауданында жұмыс істейді.
Жылжымалы медициналық кешендер консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсету үшін барлық қажетті құрал - жабдықтармен жабдықталған. Осы «доңгелекті емханалардың» арқасында ең шалғай елді мекендердің тұрғындары кардиограмма, УДЗ, скринингтік тексерулерден өтіп, сонымен қатар дәрігерлерден кенес және ауруханаға жатқызуға, жеке медициналық мекемелерде емделуге жолдамалар ала алады.
Жалағаш аудандық ауруханасының кардиолог-дәрігері Ақнұр Каметованың айтуынша, ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Жалағаш аудандық ауруханасының ЖМК ауданның 14 ауылдық елді мекенінде болды. Медициналық қызметпен 4 мыңнан астам адам қамтылды. Көп жағдайда тұрғындар жүрек-қан тамырлары ауруларына, қант диабетіне шалдыққан.
Ақсу ауылының тұрғыны Досмұрат Қожағұлов осы аурулар бойынша диспансерлік есепте тұр. Ол дәрігерлерге есту қабілетінің нашарлауына қатысты шағымдармен жүгінді. Тексеруден кейін оны емдеуге жіберді.
«Аудан немесе облыс орталығына шалғай елді мекендердің тұрғындарының, әсіресе, ауыр сырқаттанғандардың жетуі оңай емес. Мұндай жылжымалы медициналық кешендер бізге көмекке келді. Әсіресі, консультациялық-диагностикалық қызметтер бізге қолжетімді болды. Шаруа қожалығында бригадир болып жұмыс істеймін, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылғанмын. Маған барлық медициналық қызметтер қолжетімді», - дейді Досмұрат Қожағұлов.
Жалпы, 2021 жылы ЖМК дәрігерлері Жалағаш ауданының 16 300 тұрғынын медициналық қызметтермен қамтуды жоспарлап отыр. Бұл мақсаттарға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалы 14 миллион теңгеден астам қаражат бөлді.
«Өткен жылы еліміздің шалғай елді мекендерінің тұрғындары үшін 100 жылжымалы медициналық кешен сатып алынды. Осылайша, бүгінде ауыл тұрғындарына 149 ПМК қызмет көрсетуде. Ағымдағы жылдың 9 айында жылжымалы медициналық кешендер арқылы Қызылорда облысының ауыл тұрғындарына барлығы 80 мың қызмет көрсетілді, олардың басым бөлігі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражаты есебінен көрсетілді. Сондықтан, барлық азаматтардың МӘМС жүйесінде сақтандырылуы мәртебесі болуы маңызды», - деп атап өтті Қызылорда облысы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалының бөлім басшысы Абылайхан Рахымов.
Жалпы еліміз бойынша 2021 жылдың 7 айында ЖМК ауыл тұрғындарына 523 мың медициналық қызмет көрсетті, оған 1 022 миллион теңге жұмсалды.
Егер сұрақтарыңыз болса, сіз оларды емханаңыздан пациенттерге қолдау көрсету қызметіне хабарласып сұрай аласыз. Егер сізге сол жерде көмектесе алмаған жағдайда, онда сіз ыңғайлы байланыс арнасы арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өтініш жібере аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Telegram-да SaqtandyryBot және Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы.
28 қазан 2021 ж. 337 0