№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жас мамандарды ауылға тарту

Жас мамандарды ауылға тарту



Жастар – елдің болашағы, бәсекеге қабілеттіліктің маңызды факторы екені анық, бірақ жұмыссыздық болашақта үлкен мәселеге айналуы ықтимал. Жастардың көпшілігі белгілі бір мамандық аясында білім алып, межелі оқу мерзімін аяқтап қолына дипломын алғасын, қалада жұмыс жасауды жөн көреді. Басты себеп, жұмыстың жоқтығын алға тартады. Ел экономикасына елеулі үлес қосып отырған ауылда жұмыс жасауға тиімсіз деу де қисынға келмейді. Әсіресе, елімізде қазіргі заман талабына сай, ауылдардың да дамуын қарастырып, жүйелі жұмыстың жүріп жатқанын ешкім жоққа шығара алмас. Ауылдың жағдайы айтарлықтай жақсарса да, қаланы басымдыққа ие етіп отырған жастардың саны азаяр емес. Еңбек жолын ауылмен байланыстыруды қаламайтындардың бір легі өз мамандығының ауылда сұранысқа ие еместігін алға тартса, енді біреулері ауылдағы болашағының жарқын болуына күмән қарайтынын жасырмайды. Жастар неге ауылда жұмыс жасаудан қашады? Жастардың басым бағыты заманауи өмір салтына бейім. Қарапайым тұрмыс-тіршілік кешіп отырған ауылдарға өркениеттіліктен кеш қалған деген желеуді тілге тиек етеді. Енді қала мен бүгінгі ауылдың жай-күйін бағамдап көрейікші. Қалалық жерде күн құрғатпай тұтынатын фастфуд өнімдерін де ауылға алып келді. Жылдамдығы қаладан кем емес ғаламтор да бар. Бұрынғыдай көмір тасып, отын жарып, күйе-күйелеш болып от жағып, су тасып жатқан ешкім жоқ. Ауыл тұрмысы да оңалып келеді. Жеке қаржылық мүмкіндіктер болса, тұрғылықты үйжайына да заманауи жүйелерді орнатуға толық мүмкіндік бар. Ауылдың қазіргі даму жағдайы мен ондағы оң реформаларды негізге ала отырып, жоғарыдағыдай қасаң түсінікті теріске шығаруға әбден болады. Ал, жұмысқа орналасам, кәсіп ашамын деген жанға ауылда да мол мүмкіндіктер бар. Тек, бүгінгі қоғамға қажетті, сұранысқа ие мамандықты таңдап, меңгеріп шықса болғаны. Өйткені, көпшілік жасртар сұранысқа ие мамандықты меңгеруден бұрын жақсы орынға ұмтылып, соңында екі қолға бір күрек таппай, жұмыссыз қалатынын өзіміз де көріп жүрміз. Тағы бірі ата-анасы таңдап берген мамандықты таңдайды да ақыр аяғында өзі таңдамаған кәсіп бойынша жұмысқа орналасуға құлықсыздық танытады. Расында, әне-міне дегенше бітіруші түлектер мектепті аяқтап, ҰБТ-ға дайындыққа кірісіп кетті. «Қай пәнді таңдасам, қандай мамандыққа оқуға түсе аламын?». Көбі сол баяғы жаттанды биология, физика, химия, ағылшын тілі пәндерін таңдап жатады. Соның салдарынан белгілі бір мамандықтарға грант немесе тағы біріне талапкер жетіспей жатады. Түрлі мамандық бойынша жоғары және арнайы оқу орнын түгесіп келген түлектердің дені осындай пыйғылда. Оқуын ойдағыдай аяқтап, қолына қос-қос диплом алғанымен көбі неге жұмыс таппай сенделіп жүр? Тіпті, ел асып, өзге мемлекетті паналап, жан бағып жүргендердің не білгені бар? Осы тұста айта кетейік, орталық басшысының сөзінше, бос орын жұмыс жәрмеңкесінде аспазшы, дәнекерлеуші, құрылысшы, көлік жүргізуші және т.б мамандықтарға сұраныс көп. Ашығын айтқанда, жастар қарапайым жұмысқа баруға құлықсыз, ал портфель ұстап шіреніп жүру үшін маңдай тер төккен жолдан өту керек екені ойлантпайтын тәрізді. Сондай-ақ, жоғары оқу орындарының нарық талабына сай маман даярлай алмауы, мамандарды әзірлеу үшін онда қажетті инфрақұрылымның сапасыздығы жұмыс берушілердің жас мамандарды жылы қабылдамайтындығы жиі айтылады. «Диплом бар, жұмыс жоқ». Қазір жұмыссыз жүрген жастардан тек осындай жауап алуға болады. Осы ретте, аудандағы жастардың жай-күйін бағамдау мақсатында аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Наурызбай Орынбасаровтың ойын білген едік. – Жастар ресурстық орталығының мамандары кент, ауылдық округтерді аралап, 15-28 жас аралығындағы 14390 жастан сауалнама алды. Бізде жастар жұмыс істеуге, берілген мүмкіндікті пайдалануға құлықсыз. Біз анықталған жастармен жұмыс жүргізу мақсатында сала мамандарын жинай отырып, «Мүмкіндіктер алаңын» ұйымдастырдық. Онда бос жұмыс орындары ұсынылып, кәсіпкерлікті дамытуға арналған кеңестер берілді. «Балық берме, қармақ бер» жобасы аясында «Тігін тігу» курсынан сабақтар өтіп, аталған курс барысында ынталылар тігін тігудің базалық дәрежесінен бастап, керексіз болған қалдықтардан түрлі дүниелер жасауға дейін үйренді. Жалпы, жұмыс жасаймын немесе білім аламын деген жастард

Әсел РЗАЕВА
23 сәуір 2023 ж. 309 0