Соңғы жаңалықтар

№51 (8865) 12

12 шілде 2025 ж.

№50 (8864) 9

09 шілде 2025 ж.

№49 (8863) 5

05 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Қызылордалық оқушы әлемнің үздік геологы атағына үмітті

Қызылордалық оқушы әлемнің үздік геологы атағына үмітті



Жер туралы ғылымдар байқауында 100-ге жуық оқушылар  сайысқа түсті.  Қатысушылар геология, геофизика, метеорология, мұхиттану және астрономия пәндерінен күрделі тапсырмалар орындап, білімдерін шыңдады. Сырбойылық Арайлым жетекшілері география пәнінің мұғалімі Шолпан Закирова мен Арай Нұрбаевамен бірге жасаған үздіксіз дайындықтың арқасында білім бәйгесінде жоғары нәтижелер көрсетіп, жүлделі екінші орынды иеленді.  
Енді Арайлым желтоқсан айында Италияда өтетін  халықаралық  кезеңде Қазақстан құрамасында ел намысын қорғайтын болады.
«География менің сүйікті пәнім. Әсіресе геологияға деген қызығушылығым ерекше. Келешекте жобалық жұмыстармен айналысып, табиғаттың түрлі элементтерін зерттегім келеді», - дейді Арайлым Қуандық. IESO – әлемдегі ең беделді олимпиаданың бірі. 2007 жылдан бастап Корея, Испания, Бразилия, Жапония, Франция, Ресей сияқты елдерінде өткізілген білім бәйгесі биыл Италияда жалғасып, ең үздік жас геологты анықтайтын болады.
02 ақпан 2023 ж. 172 0