№18 (8729) 2

02 наурыз 2024 ж.

№17 (8728) 27

27 ақпан 2024 ж.

№16 (8727) 24

24 ақпан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Қызылордада жыл басында 300-ге жуық фермер субсидиясыз қалды

Қызылордада жыл басында 300-ге жуық фермер субсидиясыз қалды



Бұл мәселе Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы жанындағы Агроөнеркәсіп кешені комитетінде қаралды.
Шараға Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Гауһар Елеусінова, комитет мүшелері, «Атамекен» ҰКП-ның, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының, несие серіктестіктерінің өкілдері мен ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері қатысты.
Осыған дейін «Сыбаға», «Агробизнес» мемлекеттік бағдарламалары аясында кәсіпкерлерге шамамен 20 пайызбен несие берілген. Оның 6 пайызын кәсіпкер төлейді, қалған пайызын мемлекет субсидиялайды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі енгізген GOSAGRO.KZ порталының әлі күнге іске қосылмауынан фермерлер қаңтар-ақпан айларына арналған субсидияны ала алмай, несиені 20 пайызбен төлеуге мәжбүр.
«Ақпанда төлеуіміз керек, төлемесек «қара тізімге» енеміз. Жоғары пайыздың ақшасын қайдан табамыз? Өзі қыстан әрең, арық шыққан малды қалай сатамыз? Шаруаны да ойлау керек шығар?! Мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған біз ғой», – деді «Сыр сыйы» шаруа қожалығының төрағасы Нұрлан Биманов.
Облыстағы жауапты мемлекеттік орган басшылары да субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесінің мәселесінен хабардар. «Былтырдан бері министрлікке отыздан астам ұсынысымызды бердік» деп отыр.
«Проблема бар. Бағдарламаны әзірлеушілерге де, министрлікке де мәселені айттық. Біз жаңа ақпараттық жүйе толық іске қосылып кеткенше Qoldau.kz-пен жұмыс істеуді ұсынып жатырмыз, бірақ әзірге мәселе шешілген жоқ», – деді облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Ғалым Баимбетов.  
«Шаруалар алдарына қойған міндетін адал атқарып отыр, мемлекет те міндеттемесін толық орындаса» деген несие серіктестіктерінің басшылары проблеманы қазір шешпесе фермерлерге салмақ түсетінін айтты.
«Бұл қолдан жасалған проблема. Жұмыс істеп тұрған платформаның күшін жойып, шикі, іске қосылмаған, әлі зерттелмеген бағдарламаны заңға енгізіп жіберді. Болар іс болды ғой. Біз шаруаларға «қорларыңызды мына уақытқа дейін дайындай беріңіздер» деп айтайын десек порталдың қашан ашылатыны да белгісіз. Оған ешкім нақты жауап бере алмай отыр. Біздің несие серіктестігі арқылы биылға 186 қарыз алушыға 300 млн теңге субсидия қажет. Портал іске қосылмаса фермерлер 300 млн теңгені өз қалталарынан шығару қажет деген сөз», – деді «Сырдария-1» несие серіктестігі» ЖШС төрағасы Алмат Абдуллаев.
Несие серіктестігінің басшысы тығырықтан шығудың жолы ретінде өтінімдерді уақытша қағазбен тапсыруды ұсынып отыр.
«Бізде бар мәлімет бойынша, республика көлемінде тек қана қаңтарда кәсіпкерлер  млрд теңгеге жуық сыйақы мөлшерлемесіне  субсидия ала алмай отыр. Сыйақы мөлшеріне берілетін субсидия  өзге субсидиялармен салыстырғанда нақты өтінім беру мерзімі нақтыланбайды, демек өтінімдер жыл бойы қарыз бойынша төлемнің келу уақытына қарай жүзеге асырылады. Осындай проблема орын алып жатқанын айтып, Үкіметке хат жолдадық», – деді отырысқа онлайн қосылған «Атамекен» ҰКП Агроөнеркәсіп кешені және тамақ өнеркәсібі департаментінің сарапшысы Жұлдызай Әубәкірова.
Ал ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіндегі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту және агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру департаменті директорының орынбасары Әлем Жұмабеков «портал 1 ақпаннан бастап іске қосылады» дегеннен артық жауап бере алмады.
Комитет отырысында кәсіпкерлер министрлік өкіліне жаңа порталдың кемшіліктері мен әкімшілік кедергілері туралы айта келе, өзгеріс енгізуді сұрады. Сондай-ақ, мемлекеттік қолдау тетіктеріне қатысты өзге де ұсыныстарын айтты.
Жиын соңында кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Гауһар Елеусінова мәселені шешу үшін тиісті мемлекеттік органдармен жұмыс істейтінін жеткізді.
Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
31 қаңтар 2023 ж. 268 0