№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сайлау-2023: Депутаттыққа кімдер түсе алады?

Сайлау-2023: Депутаттыққа кімдер түсе алады?


Кез келген елдің саяси жүйесінде сайлау маңызды рөлге ие, беделді ықпалы бар. Біздің елде де дәл солай, дегенмен, бізде халықтың сайлауға деген сенімі азайған, дауыс берудегі белсенділігі тым төмен. Бірақ биылғы сайлаудың форматы өзгешелеу болғалы тұр. Оны уақыт көрсете жатар. Біз бүгін Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау мәселелерін таразылап, талдап көрейік. Кімдер қатыса алады, қандай құжат керек? Дауыс берудің тәртібі қандай? Осы және өзге де сауалдарға жауап іздейміз.


«Бірнеше аптадан кейін саяси науқан басталады. Кандидаттар үгіт-насихат жұмысына кіріседі. Олар дауыс жинау үшін түрлі тәсілдерді қолданады. Бұл – қалыпты демократиялық үдеріс. Сайлау елді бөлетін емес, біріктіретін науқан болуы керек. Тағы да айтқым келеді: үміткерлер қоғамға іріткі салатын әрекеттен аулақ болғаны жөн. Аңдамай айтылған артық сөз немесе ойланбай жасалған оқыс қадам бүкіл елдің болашағына кесірін тигізеді». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси науқан алдындағы пікірі.
ОСК шешімі бойынша Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау бір күнде өтеді. Бұл науқанның ерекшелігі де сол. Аудандық сайлау комиссиясының хат­шысы Баянбай Доспанбетов жаңа ережелермен толыққанды таныстырды.
– Кандидаттар өзін-өзі ұсыну арқылы бір мандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Мәжіліс депутаттығына түсе алады. Ол үшін аумақтық сайлау округі бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат болып дауысқа түсуге ниет білдіргені туралы өтініш, өмірбаяндық деректер, өзі және жұ­байының активтері мен міндеттемелері ту­ралы декларацияларды 2023 жылғы 1 қаңтарға тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер ор­га­нының анықтамасы қажет. Кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат (1 050 000 теңге, 15 ЕТЖ = 70 000*15) та берілу тиіс, – деді хатшы.
ҚБ, СП-дан бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Мәжіліс депутаттығына кандидат үшін саяси партияның, қоғамдық бір­лестіктің, олардың құрылымдық бөлім­ше­лерінің тиісті сайлау округі бойынша кан­дидатты ұсы­ну жөніндегі хаттамасынан үзінді көшірмесі ке­рек. Екінші, құрылымдық бөлімшелердің ұсыну құқығын растайтын жарғыдан үзінді көшірме, үшінші, азаматтың осы сайлау округі бойынша өзін ұсынған саяси партиядан, қоғамдық бірлестіктен депутаттыққа кандидат болуға келісімі туралы өтініші тіркеледі. Сондай-ақ, кандидат туралы өмірбаяндық мәлімет, адамның саяси партияға мүшелігін растайтын құжаты, Қазақстан Рес­публикасының Әділет министрлігінде саяси партияны, қоғамдық бірлестікті тіркеу туралы құжаттың көшірмесі сұралады. Аумақтық әділет органдарында құрылымдық бөлімшелерді есептік тіркелгені туралы мәліметтер де қажет екен.
– Саяси партияларды қоспағанда, қоғамдық бірлестік не оның құрылымдық бөлімшесі (филиалы мен өкілдігі) осы қоғамдық бірлес­тікке мүше болып табылмайтын адамдарды кандидаттар етіп ұсынуға құқылы. Саяси партияларды қоспағанда, қоғамдық бірлестік және оның құрылымдық бөлімшесі (филиалы мен өкілдігі) әрбір сайлау округінде Парламент Мәжілісінің депутаттығына бір ғана кандидат ұсына алады, – деп жауапты маман толыққанды ақпарат берді.
2023 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша республика сайлаушыларының тізіміне белсенді 11 млн 976 мың 406 азамат енгізілді. Азаматты сайлаушылар тізіміне енгізу үшін оның сайлау учаскесінің аумағында тұрғылықты жері бойын­ша тіркелуі, азаматтардың жергілікті атқару­шы органға сайлаушылар тиісті тізіміне енгізу жөнінде жазбаша өтінішпен жүгінуі назарға алынады.

Сонымен қатар, уақытша тіркелген азаматтар, тіркеусіз азаматтар, сайлауға дейін 30 күннен кешіктірмей тіркелген жері бойынша дауыс беруге мүмкіндігі болмаса, ол сайлау тағайындалған сәттен бастап тиісті жергілікті атқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы. Орта арнаулы және жоғары оқу орындарында, жатақханаларда тұратын күндізгі оқу бөліміндегі студенттер жатақхананың орналасқан жері бойынша сайлаушылар тізіміне енгізіледі. Вах­талық әдіспен жұмыс істейтін азаматтар да жазбаша өтініштер негізінде сайлаушылар тізіміне енгізілуі мүмкін. Олардың тұратын жері бойынша дауыс беруге мүмкіндік беру жөнінде алдын алу шараларын қабылдау қажет. Олар сондай-ақ жазбаша өтініштер негізінде сайлаушылар тізіміне енгізіледі, әрі Мәжіліске бірыңғай жалпы ұлттық сайлау округі бойынша егер осы аймақта тіркелген болса, бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша дауыс беруі мүмкін.

Әскери бөлімдерде сайлаушылар ті­зіміне ондағы әскери қызметшілер­дің барлығы, олардың отбасы мүше­лері және әскер бөлiмдерi орналасқан жерлерде тұратын басқа да сайлаушы­лар енгiзiледi. Әскер бөлiмдерiнен тыс жерлерде тұратын әскери қызметшi­лер сайлаушылар тiзiмiне тұрғылықты жерi бойынша жалпы негiзде енгiзiледi. Жалпы сайлаушы тізімдері әскери бөлімдер командирлері ұсынатын мә­ліметтер негізінде жасалады.
Азаматтарды сайлаушылар тізіміне енгізу туралы жазбаша өтініштері тиісті әкімдіктерге осы жылдың 8 ақпанына дейін ұсынылу тиіс. Дауыс беру күніне 15 күн қалғанда, яғни 4 наурыздан кешіктірмей азаматтардың тұрғылық­ты жері бойынша құрылған сайлау учаскелерінде сайлаушылардың тізім­дері танысуға ұсынылады. Азаматтар­ға сайлаушылар тізімдерімен танысу, олар туралы деректердің дұрыстығын тексеру мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Әрбір азамат сайлаушылар тізімінде­гі өзі туралы деректерді тексеруге және тізімге енгізілмегеніне немесе тізімнен шығарылмағанына, сондай-ақ тізімде сайлаушы туралы деректерде жіберілген дәлсіздіктерге шағымдануға құқылы. Өзіңізді тіркеу орны бойынша сайлаушылар тізіміне енгізуді тиісті әкімдіктің сайты немесе Call-орталы­ғы арқылы тексеруге болатынын ұмыт­паңыз.
Дұрыс, сайлау туралы толыққанды ақпаратты алдарыңызға ұсындық. Десе де, қарапайым халықтың пікірін білгенді де жөн санадық. «Саяжай» мөлтек ауданының тұрғыны Ғалым Ибраев алдағы сайлаудан нақты қадамдар мен үлкен үміт күтетінін жасырмады.
– Қазір бұқараның көзі ашық, көкіре­гі ояу. Саяси мәдениеті қалыптасқан. Ел тарихындағы сайлаудың бәрін­де халықтың шынайы таңдауы болуы керек. Қазақстанда жаңа саяси күш­тер қалыптасуда. Еліміз Тәуелсіздігін жариялаған 32 жыл ішінде үлкен сын­дарлы жолдардан өтті. Әрине, бұл тарихи өлшем тұрғысынан алғанда аз уақыт. Осы уақыт ішінде жүріп өткен жол, қабылданған шешімдер бір дәуірге лайықты деп ойлаймын. Сол себепті жұртшылық сайлау науқанында үлкен саяси сауаттылық пен мәдениеттің үлгісін көрсетеді деген тілектемін. Сайлаудың маңызы жәшікке қағаз салу ғана емес, әр сайлаудан кейінгі өзгерістердің болуына ат салысуында. Біз өз тағдырымыз үшін еліміздің ертеңі, береке-бірлігі, халқымыздың бақуатты тірлігі үшін дауыс береміз. Шыны керек, қарапайым халықтың сайлауға немқұрайлы әрі сенімсіз қарайтыны бар. Алдағы сайлауда халық сенімін қайтаруға жұмыс жасаса жөн болар еді, – дейді тұрғын.
Ал, көпбалалы ана Әлия Шәмілова болса, сайлауға баруға құлықсыз екендігін жеткізді.

– Шынын айту керек, басқасын айтпағанда, біздің ауданның өзінде өз учаскесінен сайланған депутатты, аудандық мәслихат депутаттарын танымайтын тұрғындар өте көп. Өз басым сайлаудан үміт күтпейтінмін және сенбейтінмін. Алдын ала кімнің өтетіні, қай партияның басым түсетіні белгілі болып жүргені рас. Тіпті, жұрт атын атап, түсін түстеп, жайбарақат үйлерінде отыра беретін. Оны несін жасырамыз, көзімізбен көріп жүрген жағдай осы. Негізі сайлау елдің түрақтылығы мен экономикасы, халықтың мүддесі мен әл-аухатының тұрақты дамуы үшін өткізіледі емес пе? Осы уақытқа дейін депутаттардың мәселе көтеріп, оны шешу жолдарын қарастырғанын көрмедім. Бірақ алдағы сайлаудан оң өзгеріс пен саяси серпіліс болар деп үміттенеміз, – деп көңіліндегіні көпке жария етті.

Иә, қоғам арасында әртүрлі пікір бар, бірі сайлауға сенім артса, енді бірі сенімсіздік танытады. Қалай де­сек те, сайлау – еліміздің ертеңін ай­қындайтын қоғамдағы ауқымды шара. Ол – мемлекеттік жүйенің тиімділігін арт­тырады, Үкімет пен басқарушы сая­си партияның саясатын бағалайды және мемлекеттің қызметіне қоғамдық бақылау жасауға мүмкіндік береді. Мемлекеттің болашағына бей-жай қа­рамайтын әрбір азамат оның өтуіне өз үлесін қосып, қатысуы керек-ақ дегіміз келеді. Әзірге кімдер нақты түсетіні белгісіз, бірақ биыл көптеген азаматтарға, оның ішінде жастарға мол мүмкіндік сыйлауда. Қалғанын уақыт көрсетер.

Әсел РЗАЕВА
28 қаңтар 2023 ж. 417 0