» » » Сайлау 2021: Саяси жаңғырудың жаңа кезеңі

Сайлау 2021: Саяси жаңғырудың жаңа кезеңі


Бүгін еліміздің тарихында айтулы оқиға орын алуда. Бұл сайлау өзге сайлауға қарағанда саяси мәні жоғары. Қазақстанның азаматы болғандықтан саяси шешім қабылдауға әр адам өз дауысы арқылы ықпал ете алады. Әр адам бір дауыстың иесі саналатындықтан жерлестерімді, отандастарымды сайлауда белсенділік танытуға шақырамын.


Бұған дейін кандидаттар арасында бәсекелестік жалғасқан болса, бүгін партиялар арасында бәсеке болмақ. Халық қолдаған партия саяси ықпалға ие болып, ел ісін қолға алады. Осы тұста, өзіңіздің қалауыңызбен, өзіңіз таңдаған партияға бір дауыс болса да алда озуына мүмкіндік бере аласыз. Саяси додада бақ сынасып жатқан партиялар өз үлесін жинау үшін халықтың дауысына мұқтаж. Меніңше, бұл сайлаудан кейін нағыз көшбасшы партия билікке жол бастап, халықпен бірге саяси жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам бастайды.
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының аудандық филиал төрағасы Ізатілла Нәрзілдаев.

10 қаңтар 2021 ж. 664 0