№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ЕКІ АЛТЫН АЛДЫҚ

ҚОЯН-ҚОЛТЫҚ ҰРЫСТАН ЕКІ АЛТЫН АЛДЫҚ


Қазақстандық спортшылар қоян-қолтық ұрыстан Еуропа чемпионатының жүлдегерлері атанды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА. 


Минскіде өткен қоян-қолтық ұрыстан IV ашық чемпионатта 26 елден келген 170 спортшы жүлделі орындарға таласты. Еуропалықтармен қатар АҚШ, Канада, Иран, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан командалары да қатысты. Жарыс қожайыны Беларусь жекпе-жек шеберлері екі құраманы (әр салмақ санатында - екі спортшыдан) таныстырды, ал басқа елдер бір-бір құрамамен келген. 

Қазақстан 17 қатысушыны ұсынған болатын (оның 9 - ер, 8 - әйел). Чемпионатта Қазбек Сағын (55 келі) мен Данияр Үстембаев (90 келі) жоғары нәтиже көрсетіп, жеңіс тұғырына көтерілді. 

Жалпы, Қазақстан құрамасы 4 медаль иеленіп қайтты, оның екеуі - алтын, екеуі - Қымбат Ахмет пен Дәулет Имаханов еншілеген қола.
29 мамыр 2018 ж. 1 221 0