№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қиындықтың да қайыры бар

Қиындықтың да қайыры бар


Өткен жыл өзекті суырып алардай өкінішті оқиғамен басталып, кем пішіп, кесір қылыққа тап болғандай жағдайда қалғанымыз жасырын емес. Бастысы, етек-жеңімізді ерте жинап, елдігімізді таныттық. Дамудың жолын айқындап берген Мемлекет басшысының салмақты ұстанымын жан-жақты тікейтуге әрбір қазақстандық өздігімізше үлесімізді қосып келеміз.

Міне, 2022 жыл да бітіп, жаңа күнге аяқ басқалы отырмыз. Осы сәтте Сыр өңірінің тыныс-тіршілігін сараптап, жылды қорытындылаған аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың ата басылым – «Сыр бойына» жариялаған толғамды мақаласын оқи отырып, көкейіміздегі жарқын сенімге қанат бітірген нақты деректерге көңіліміз толғандай.
Бізді қуантқаны, облыстық бюджеттің көлемі 520 млрд теңгеге, яғни жарты триллион теңгедан астам қаржыға бекітііліпті. Мұндай көлемді қаржы бұрын-соңды бөлінбеген. Бұл да аймақ басшысының өңір әлеуетін жете бағамдап, жоғары орындарға нақты жеткізе алуының нәтижесі болса керек.
Н.Нәлібаев өңір экономикасын өркендетудің негізгі шарты – кәсіпкерлік саласын кеңейтуге  басым бағыт бермек. Бұл үшін гранттар, банктердің сүйемелдеу тетіктері артатынын айтты. Мұнай қорының сарқылуына байланысты жергілікті жерлерде өндірісті ұлғайту маңызды. Бұл бағытта біздің Жаңақорған ауданында әкім Мұрат Тілеуімбетовтың жаңажылдық сұхбатында айтылғанындай, қант зауытының іске қосылуы, томат пастасы өндірісі жолға қойылатыны халықтың жұмыспен қамтылуына, ас-ауқаттық қат өнімдерді өзімізде өндірілуіне негіз қалайтыны бәрімізді қуантып отыр.
Аймақ басшысы кеніштердің келешегі жөнінде де жан-жақты тоқталыпты. Бұл жерде өңіріміздегі «Шалқия» кен орны дүние жүзіндегі ең ірі бес кеніштің бірі  екендігімен мақтануымызға болады. Мен өзім осы Шалқияның ең бірінші қазығын қағуға қатысқан жанның бірімін. Ташкенттегі политехникалық институттың геология барлау бөлімін бітіріп, 1960 жылы Қаратау барлау экспедициясында жұмысымда бастадым. Шалқия қазбалы кен орнын зерттеуге қатысқан адаммын. Сондықтан кен орнының әлеуетін пайдалануда қазіргідей технология жетілген заманда мүмкіндік мол. Тек жастарымыз үздіксіз ізденіп, туған жер байлығының өздері әрі қорғаны болып, әрі игілігіне пайдалануда үлкен білімділік керек екенін айтқым келеді. Жаңа жыл барлық мақсаттарымызға жол ашқан жарқын белесін тарту
етсін  деймін.

Таңатар Шаназаров,
Еңбек ардагер
29 тамыз 2023 ж. 214 0