№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Өңір дамуында өсім бар

Өңір дамуында өсім бар


2020 жылдың соңына дейін Жаңақорған ауданындағы 30-ға жуық елді мекен таза ауыз су тұтынатын болады. Бұл жөнінде аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов халық алдындағы есепті кездесуінде мәлімдеді. Апта басында Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрында өткен есепті кездесуде Қуанышбек Досмайылұлы Сыр өңірінің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы міндеттерді баяндады.


ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Ұлан Сарқұлов, жергілікті атқарушы органдар, мәслихат депутаттары, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар, еңбек ұжымдары мен БАҚ өкілдері, тұрғындар қатысқан кездесуде облыстың жетістіктері жан-жақты сараланды. Ал өткен жылы жұртшылықтан түскен ұсыныс-пікірлердің орындалуы бейнекөрсетілім арқылы жет-кізілді.
Өңір басшысының есебінен белгілі болғандай, жыл қорытындысымен, жалпы экономикалық дамудың 7 көрсеткіші бойынша Қызылорда облысы үздік 8 облыстың қатарына кірген. Бұл жөнінде биыл 24 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Үкімет басшысы Асқар Мамин айрықша атап өткенін хабарлады. Оған қоса, 2019 жылы облыс экономикасына 400 млрд теңгеден астам инвестиция салынған. Бұл 2018 жылға қарағанда 17,4 пайызға артық. Инвестициялар өсімінің қарқыны бойынша жоғары өсу динамикасы бар үздік 4 өңірдің ішінде. «Бұл – біз бен сіздің бірлескен жұмысымыздың нәтижесі. Өсім мемлекет бюджеті қаражатының есебінен емес, кәсіпорындардың өз қаражатының негізгі капиталына салымдардың өсуі есебінен (26%-ға) қамтамасыз етілді» деді өңір басшысы.
Ендігі кезекте облыс әкімінің есепті кездесуінде Жаңақорған ауданында атқарылған және 2020 жылы атқарылатын ауқымды жұмыстарды тарқата айтсақ. Диқаншы қауым үшін жақсы жаңалық бар. Қуанышбек Досмайылұлы өз баяндамасында өңірде бақша шаруашылығын, атап айтқанда, алма бақтары мен жүзімдіктерді дамыту бойынша жақсы мүмкіндіктер бар екенін атады. Бұл бағытта Жаңақорған ауданын үлгі етіп, бұрынырақта бұл аудан бау-бақытарымен танымал болғанын тілге тиек етті.
– Біз бау-бақша бағытын қайта қолға алуымыз қажет. Бұл, өз кезегінде табысты бизнесті дамытуға мүмкіндік береді. Ал, оған мемлекеттік қолдаулар қарастылырып жатыр. 2019 жылы әкімдіктерге тапсырма беріліп, өткен жылы 80 гектар жерге жеміс ағашы егілген. Алайда бұл – жеткіліксіз. Әр аудан жыл сайын 10 гектар жерге жеміс ағаштарын отырғызуға тиіс деп санаймын, – деді аймақ басшысы.
Сондай-ақ Қуанышбек Ысқақов суармалы егіншілікті дамыту және өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін аяқ сумен тұрақты қамтамасыз ету үшін суға деген тәуелділікті азайтуымыз қажет екенін атады.
– Шиелі, Қармақшы, Жаңақорған, Қазалы аудандары, өздеріңіз білесіздер, вегетациялық кезеңде суармалы судың жетіспеушілігінен зардап шегіп, бұл, өз кезегінде, ауыл шаруашылығының дамуын тежеп отыр. Бұл жылда қайталанатын мәселе. Сондықтан, Үкімет алдында «Қараөзек» (қойманың су жинау көлемі – 1,5 млрд м3, құрылыс жұмыстарының алдын ала есебі – 1,9 млрд теңге) және «Күміскеткен» (қойманың су жинау көлемі – 600 млн м3, құрылыс жұмыстарының алдын ала есебі – 1,9 млрд теңге) су қоймаларын салуды көтеріп отырмыз. Бұл су қоймалары жыл сайын Үлкен Арал теңізіне қайтарымсыз тасталып жатқан 2 млрд текше метрден астам суды жинап, сақтауға мүмкіндік береді, – деді өңір басшысы.
Есепті кездесу соңында ауданға қарасты Ақүйік ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әріпбек Асанов аймақ басшысына Жаңақорғанда жүргізіліп жатқан «Талап-Сырдария» топтық су құбырының құрылысы қашан бітетінін сауал етті.
Өз кезегінде Қуанышбек Ысқақов:
«Аудан тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджеттен тиісті қаржы бөлінді. Қазіргі таңда осы бағытта тиісті іс-шаралар қолға алынған. Бұл жұмыстар кезінде «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша басталған, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша ел игілігіне айналатын болады. Оны 2020 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Нәтижесінде аудандағы 30-ға жуық елді мекен таза су тұтынатын болады» – деді.
Яғни биыл Жаңақорғандағы ауыл-аймақтың барлығы дерлік таза ауыз сумен қамтылатын болады.

Әбдісамат ӘБДІШ.
22 ақпан 2020 ж. 984 0