№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Базар бағасы қашан тұрақтанады?

Базар бағасы қашан тұрақтанады?

 

Ұн 14000 теңге, сұйық май (3800 теңге), 10 келі еті 1 айға ( 22000 теңге), 10 келі картоп (2000 теңге), 10 келі сәбіз (2000 теңге), құмшекер – 10 келі (3000), күріш – 5 келі (2800) теңгені құрайды. Міне, осы қажеттілігіңізден бөлек бір нәрсеге артылмайды. Сол сияқты сүт өнімдері де 20-30 пайызға дейін қымбаттаған.
Ұлттық статистика бюросы таратқан мәліметке сүйенсек, азық-түлік нарығында бағаның айтарлықтай өсуі байқалады. Әлеумттік маңызы бар өнімдердің бағасы өткен жылдың мамыр айымен салыстырғанда 17,9%-ға өсті. Биыл мамыр айының басынан бері азық-түлік құны 0,7%-ға қымбаттаған. Ал 5 айда 16,3%-ға өскен. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ішіндегі ең қымбаты – тұздалмаған сары май, сиыр еті және сүзбе.
Бір жағынан жұмыссыздық орын алып, екінші жағынан азық-түлік бағасының шарықтап өсуі әлеуметтік ахуалды ауырлата түсері алаңдатады. Елімізде азық-түлік бағасының өсіп кетуіне бір жағынан Ресей нарығындағы тапшылықтың да әсері бар, дейді зерттеуші мамандар. Біздегі ауылшаруашылығы мамандарының айтуынша, ресейлік сатып алушылардың сұранысының арта бастағаннан-ақ, ішкі нарықта картоп жеткізу көлемі тым төмендеп кеткен. Бүгінгі күні картоптың көтерме саудадағы құны 160 теңгені, ал дүкенде 200 теңгені құрап отыр. Өйткені, Ресей еліне көкөністің күнделікті қаншама тоннасы кетіп жатыр. Өзіміздің халық не жесе оны жесін, өзіміз осы науқанды пайдаланып, байып қалайық дегеннің кебін киіп отырғандар, өз еліне бүйректерін бұрмай отырғаны өкінішті. Сүт өнімдері де едәуір өсіпті. Қаймақ, ірімшік дегендердің енді жеңсік асқа айналатын түрі бар. Себебі, сүттің литрі 500 теңге, құрттың келісі 4000 мың теңге, қолдың майы 3000-3500  мың теңге.
Сұранысқа ие болып отырған, азық-түлік тауарлары оңтүстік өңірлерде де қымбаттай түскен. «Зейнетақымыз көбейді, айлығымыз өсті» деп қуанып жүрген қарапайым тұрғындарға бұл баға ауыр тиіп отыр. Азық-түлік жыл басына қарағанда әлдеқайда қымбаттаған. Мысалы, жарма – 10-12 %, макарон өнімдері – 18,6%, ет және еттен жасалған тағамдар – 10 %, жеміс-көкөніс өнімдері, яғни картоп, пияз және қырыққабат 74%-ға қымбаттаған. Азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне әр түрлі жағдайлар себеп болып отыр дейді мамандар. Мысалы, ұнның қымбаттауы азық-түліктік астықтың босату бағасының өсуінен болса, жармалардың қымбаттауы астық өнімінің төмен болуынан туындап отырғанын және Ресейдегі бағаның көтерілуінен деп топшылайды. Дегенмен, елімізде ұн бағасының көтерілуі ақылға сыймайтын жайт. Себебі, дәл қазір біздегі ұн өндірісінің көлемі ішкі тұтыну мөлшерінен екі есеге жоғары екені баршаға белгілі. Онымен қоса, әлемдік ұн нарығында алдыңғы орында тұрмыз. Енді аудандағы бағаны бағамдасақ, бүгінде кент орталығында азық-түлік сататын ірі-ірі сауда орындары аз емес. Оның әрбіріне арнайы бас сұғып, азық-түлік бағасын саралап көрдік. Әсіресе сұйық май, жұмыртқа мен нан өнімдерінің бағасы расымен де қымбат. Мұны сауда орнында азық-түлік алып жүрген кент тұрғыны Айжамал Божбанбаева жеткізді:
– Міне, 5 литр сұйық майды 3850 теңгеге, бір дана жұмыртқаны 50 теңгеге алып тұрмын. Мына немерем тәтті жегісі келгесін, бір түйір кәмпитті 300 теңгеге алдым. Осыдан бір жыл бұрын 150-180 теңгеге алушы едік. Не деген сұмдық, барлығы қымбаттап кеткен. Мына бір жапырақ нанның бағасы 120 теңге. Затым әйел болса да, менің өзіме бір күнге бір нан жетпейді. Өйткені, бір күлшені екі сындырасың болды. Осыдан-ақ, бағаның өскенін анық байқауға болады. Рас мұғалімдердің айлығы өскенімен, көп салада айтарлықтай жалақыда өсім байқалмайды. Сондықтан жеке кәсіп иелері халықтың да жағдайын ойлағаны дұрыс, – деп ойын ашық айтты.
Ал, екі тәшкіні қатарластырып сүйрелеп, ішін азық-түлікке толтырып жүрген анаға еріксіз жақындауыма тура келді. Жасы алпысқа таяған ақ жаулықты ана Дәрия Тұрсынбаева жолдасының жылдық асын беруге дайындалып жатыр екен. Ол кісіге де көкейдегі сауалымызды қойған едік.
– Дәстүр салтын сақтаған халықпыз. Өмірден өткен отағасының  жылдық асына балаларыммен бір ортадан қаражатты жинақтадық. Қазір қолымда бір миллион ақша бар. Біз соның өзін жете ме, жетпей ме деп алаңдап отырмыз. Өйткені, орташа бір жылқының өзін 380 мың теңгеге алып отырмыз. Қалған 620 мың теңгені дастарханға жеткізуіміз керек. Міне, қараңызшы 1000 мың теңгеден кәмпит жоқ. Ең арзаны 1500-1600 теңге. Ал, өрік-мейіз 4000-5000 мың теңгеден кем емес. Оны қоймасаң тағы болмайды. Бұл өзі азық-түлік бағасын қадағалайтын арнайы мамандар бар ма өзі? Бар болса неге жұмыс жасамайды?, – деп бізді сан сауалдыңастына алды.
Ақиқатында баға бағамын нарықтың өзі реттейді десек те, баға бас бермес асаудың күйін кешулі. Ай емес, апта бұрынғы бағаның өзі құбылып-ақ тұр. Қарапайым халық әлбетте базардағы саудагерлерді кінәлап шығады. Алайда, саудагерлердің де өз уәжі бар. Яғни, доллардың күннен-күнге өсуін алға тартады. Дей тұрғанмен, отандық өнімдерге доллардың  қандай қатысы бар деген заңды сауал көкейде туындайды. Сайып келгенде, нарықтың талабы өз алдына, ынсапты ұмыту өз өмір сүрген ортамызда мәселелердің туындауына әкеліп соқтырып жатыр. Өзі қиналмауын тілейтін әркім өзгенің де жайын дәл өзіндей қабылдаса хал-күйіміз де кері кетпесі анық. Базардың бағамын бағамдап осындай ой түйдім.
Әсел РЗАЕВА
27 наурыз 2023 ж. 251 0