«Есірткісіз өмір ғажайып!»

Жазып отырып, елестету өте қиын. Бір тәуелділік заты – есірткі, біршама өмір азабын беретіні бәрімізге мәлім. Бұл жағдаяттардың бәрін білмесек те, телехабарлардан көріп денеміз тітіркенеді. Адам баласы тек жақсы істерге лайықты. «Заманың түлкі болса, тазы болып шал» демекші, бүгінгі жастар, асыл достарым жылтыраған арзан арбауға алданбаңдар. Қазіргі таңда тәуелділік заты есірткіні тұтыну, тарату жағдайлары үзілетін жіп секілді емес, тап бір жаңбыр секілді толастамай тұрғаны жанға батады. Жас шыбық, жас ұрпақ іздері көрінбейтін, іс – әрекеттері білінбейтін арзан алдаудың құрышында жүргенде, біз қалай жақсы өмір сүрмекпіз. Бүгінгі күн, бүгінгі сәттен бастап денсаулық ұранын белсене қолданып, салауатты өмір сүруге барша достарымды шақырамын.
Қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырда адамзат баласына бірігіп жетемін десе жеңіс те, бірігіп татамыз десе бал татыған жемісі де көп. Тек қана мақсаттарың айқын болсын....
Ахметқали Құлпынай,
242 негізгі орта мектебі 8 сынып оқушысы
242 негізгі орта мектебі 8 сынып оқушысы