» » Жолдау: Жаңаша өмір сүрудің шынайы шарттарын айқындап берді

Жолдау: Жаңаша өмір сүрудің шынайы шарттарын айқындап берді


Адамзатқа ортақ құндылық - қоғам мүшелерінің барлығына бірдей мүмкіндік беріліп, әділеттілік орнағанда алға жылжу болады. Әлеуметтік жағынан әлсіз топтарға қолдау көрсетіледі. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек түрлері арттырылады. Мемлекет эеономикалық еркіндікті қолдайды.  Халықты нарық тұрақсыздығы ықпалынан барынша қорғайды. Бұл үшін нақты бағдар әзірленді. Мемлекет басшысы бүгінгі Жолдауынада осы белгіленген бағдарларды рет-ретімен талдап берді.                  .

Жаңа экономикалық саясат деп аталатын бағдарда шикізатқа тәуелділікті азайту керектігін айтты. Елімізде еңбек өніміділігі төмен. Инновация жеткіліксіз.Ұлттық табыстың игілігін жұрттың бәрі бірдей көре алмайтынын айтып, оны шешудің нақты жолдары - макроэкономикалық тұрақтылықты  қамтамасыз ету, экономиканы тұрақтандыру және экономиканы әртараптандыру, шағын, орта бизнес пен адам капиталын дамыту, заң үстемдігін орнату сынды тың тәсілдерді ендіруді айтты. Біздің экономикалық саясатымыздың мақсаты бұрынғыша – жеке кәсіпкерлікті қолдау арқылы дамуға дем беру, бәсекелестіктіә арттыру, әрине мұның барлығында ұлттық табысты тең бөлу мәселесіне басты көңіл бөлінеді. Бұл бағытта баға саясатына мемлекеттік бақылау күшеюі керек. Монополиялардың шекті табыстары  мен құрылымды қамтамасыз ету арасында баланс болуы керек.
Ауыл халқының көкейіне Президенттің мына сөзібарынша жағымды орнықты.«Жері жоқ адам бизнеспен айналыса алмайды. Кәсіпкерлерге жер телімдерін ашық әрі жедел бөлудің тиімді тәсілдері жыл соңына дейін айқындалуға тиіс. Әрбір аймақпен елді мекенде бос жатқан немесе мақсатына сай игерілмеген жердіңбар-жоғын анықтау қажет. Аталған шаралар кәсіпкерлердің ғана емес, жалпы экономиканың бәсекеге қабілетін арттыра түсетіні анық» деді.  Бұл бағытта инвестиция тарту үшін рәсімдерді және заңнаманы жеңілдетуді, Үкіметке  жер қойнауын игеру салаларының иевестициялық тартымдылығын арттыруды тапсырды. «Маңызды индустриялық жобаларды жүгезе асыратын инвесторлар бар, оларға жер жертелімдерін беруге болады. Барлық инвестициялық міндеттемесін адал орындайтын кәсіпорындар да бар. Оларға арнайы экономикалық аймақтан жер телімін жекеменшікке беру мәселесін шешу қажет» деді.

Баян Үсейінова
01 қыркүйек 2022 ж. 270 0