Форум ауыл әйелдерінің әлеуетін сараптады
Жұма күні онлайн режимде «Ауыл әйелдерінің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту тәсілдерін табу және енгізу» тақырыбында өткен әйелдер форумына Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарының әкімдіктері, «Жасыл экономиканы қолдау мен G-Global-ды дамыту коалициясы бірлестігінің мамандары қатысты. Шара ЗУМ платформасында оңтүстік аймақтарға қарасты белсенді әйел-аналардың басын қосты.
Жиынға Қазақстанның ауыл әйелдері форумының ұйымдастыру комитетінің төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің IV, V, VI шақырылымының депутаты Майра Арапқызы модераторлық етті. Форумда ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары, қоғам қайраткері Салтанат Пархатқызының құттықтау лебізі төмендегіше өрілді:
– Ауылға жаңа серпін, тың тыныс беретін, елдің байлығын, ырысын арттыратын әйел-аналар. Қазіргі кезде әйелдердің саясатта, басқару ісінде, бизнесте тиімді де, табысты нәтижеге жетіп жүргеніне ешкімнің күмәні жоқ. Бүгінде белсенді әйелдер өз ауданы мен қалаларын дамыту ісіне баға жетпес үлес қосып, олардың әлеуметтік және экономикалық ілгерілеуіне маңызды міндеттерді атқарып, тұғырлы дамуымызға қажетті тұжырымдама жасай алады.
Жалпы ауыл әйелдерінің форумы – олардың құқықтарын ілгерілету мен қорғауға бағытталған тәжірибелерді топтастырудың тиімді диалог алаңына айналып барады. Екі-үш жылдан бері өңірлерге барып, форумдарға қатысып, әйелдердің еңбегін, тыныс-тіршілігін көріп, өз тарапымнан қолдау көрсетуге әрдайым тырысып келемін.
Форумның мән-маңызы – ауылдағы өмір сүру сапасын жақсарту, мемлекет тарапынан берілген көмекті атаулы және нақты ету мақсатында ауыл әйелдерінің әлеуетімен жете танысып, жобаларын тыңдап, жетістіктері мен проблемаларын талқылап, олардың сұранысына сай қолы жетпей жүрген мәселелерін шешетін оңтайлы және тиімді шешім қабылдауымен шынайылана түспек. Керек болса заңдарды өзгертуге де ықпал етіп, қаржыландыру мәселелерін шешуде инвесторлар мен демеушілерді тарту жолдарын қарастыруымыхз қажет. Бұл бағытта Үкімет жанындағы Әйелдер істері және отбасылық мәселелер жөніндегі ұлттық комиссия ауыл әйелдерінің құқықтарын нығайтуға, олардың әлеуметтік және экономикалық әлеуетін дамытуға мүмкіндік беретін бірқатар бастамалар ұсынып, түскен инициативаларды қолдап, іс-шаралар жүргізіп жатыр. Атап айтқанда, жергілікті атқарушы органдарымен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, әйелдердің еңбегіне ақы төлеудің ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болмауына, сонымен қатар әйелдердің еңбек ету құқықтарының бұзылмауына, әлеуметтік сала мекемелерінің негізсіз жабылмауына, балалы отбасыларының өмір сүру деңгейінің төмендемеуіне бағытталған нақты шараларды іске асыруда. Жақын арада Парламентте отбасы мәселелеоін нығайту бойынша арнайы заңнама қаралады. Оның ішінде кейінгі кезде белең алып отырған зорлық-зомбылық, суицид, педофилия, ерте жүктілік, тастанды бала мәселесі, ажырасу, алимент төлемеу, бала құқын аяқасты ету мәселелері кеңінен талқыланады. Осы күрделі мәселелерге қатысуларыңызды сұраймын, – деген ол одан әрі ел экономикасы мен әлеуетін арттырудағы ауылдағы әйелдердің кәсіпшілік әлеуетіне тоқталды. 2021 жылдың қараша айынан бастап ұлттық комиссияның қозғауымен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының базасында еліміздің барлық өңірлерінде әйелдер кәсіпкерлігінің дамуын мақсатқа ала отырып, жүргізіліп жатқан жұмыстарды тізбеледі. Бұл орталықтардың ерекшелігі, кәсіпкер әйелдер мен кәсіпшілік бастамасы бар әйелдер кеңес алуға, оқуға, менторлыққа, өтінім бере алады.
Ол форум қатысушыларына бүгінгі әйелдердің белсенділігінің қазақстандық отбасылардың болашағын ілгерілетуге мүмкіндігін саралай отырып, осындағы қаралған әрбір мәсееленің ұлттық комиссияда талқыланып, тиісті органдарға жеткізілетінін сендірді.
Келесі сөз кезегі ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаевқа берілді. Ол алдымен 2019 жылдан бастап көп балалы аналарға грант беріле бастағанын еске салып, жалпы елімізде әйелдердің экономикалық белсенділігінің жоғары деңгейі байқалып отырғанын жеткізді. Әйелдердің жұмыспен қамту көрсеткіштері өсіп келеді. Соңғы бес жыл ішінде әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 0,5 пайызға қысқарды. Осы орайда Үкімет тарапынан мемлекеттік қолдау, жұмыспен қамту үшін көрсетіліп жатқан шараларға тоқталды.
– «Адамдарға жылылық» ұлттық жобасы аясында 269 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылмақ. Жұмыспен қамту процесі толығымен цифрландырылып, электронды еңбек биржасы негізінде жүзеге асырылуда. Бұл жұмысқа орналасу процесін ашық және қолжетімді етеді. Екіншіден, азаматтардың, оның ішінде әйелдердің жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру және өз ісін ашуға мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Бұл шаралар кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде іске асырылуда. Ағымдағы жылдың жеті айында ұлттық жобаға тартқан 325 мың адамның 63 пайызы немесе 205 мыңы әйелдердің үлесінде екен. Оның ішінде 104 мыңы ауылда тұратын әйелдерді құрайды. Еңбек нарығында әйелдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында қысқа мерзімді курстарға 5,7 мың әйел тартылды. Курсты аяқтағандардың 73 пайызы жұмысқа орналастырылды. Бұдан басқа да еңбек ресуртарын дамытудың бүкіл халық үшін цифрлық форматына назар аударылады. Бұл оқыту электрондық еңбек биржасы базасында жүзеге асырылады. Кәсіпкерлікте әйелдер бастамаларын қолдау бойынша белсенді жұмыс жалғасуда. 862 әйел 1,2 млн теңге көлемінде өтеусіз гранттар түрінде осындай қолдау алды. Гранттар негізінен құрал-сайман, технологиялық жаблықтар, еңбек құралдарын, үй малдары мен құстарды сатып алу үшін берілді. Осының арқасында жаңа тігін шеберханалар, наубайханалар, сұлулық салондары және сүт және басқа да өндіріс орындары ашылды. 8 тамыздан бастап 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба негізінде жаңа айтып кеткен идеяларды іске асыру үшін екінші рет өтініштер қабылдау басталатынын айтты. Бұл жерде жұмыспен қамту орталықтары, еңбек делдалдығы бойынша белсенді жұмыс жүргізуде екен.
Жиын модератоы Майра Айсина өзі басқаратын ұйымның жұмысына жан-жақты тоқтала келе, он жылдан бері көтеріп келе жатқан «Әр әйелге іс – елімізге табыс» деп аталатын ұраны аясында тыңғылықты жоспарларын баян етті.
Келесі сөз алған ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі стратегиялық-жоспарлау департаментінің агроөнеркәсіпті кешенді дамыту және кооперация бөлімінің басшысы Бағлан Мұхтарұлы министрліктің ауыл кәсіпкерлігін дамыту барысында жасап жатқан көмек-қолдау бағдарламалары туралы баяндады.
– Қазіргі таңда ауылда 7млн 800 мың адам тұрады. Соның тең жартысы әйелдер, – деді ол. 1,8 млн әйел жұмыс күшіне жатса, 96,5 мың әйел жұмыс істейді. 47,6 ешжерде жұмыс істемейді. Бұл мәселені агробизнеске технологияларды енгізе отырып, жаңа өндірістік ошақтар, кооперациялар құра отырып шешуге болады. Кешенді дамудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы, ұлттық жоба, ауыл шаруашылығы табысын арттыру бойынша бағдарлама әзірленді.Соның шеңберінде ауыл шаруашылығы министрлігі 1 миллион ауыл тұрғындарын, соның ішінде әйелдерді осы жобаларға тартуды жоспарлап отыр. Бұл бағытқа 2023 жылдан бастап әр жыл сайын 30 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр, – деді ол.
Одан әрі ҚР Ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлікті қолдау департаментінің басқарма басшысы Мерей Сейілбекқызы сөз алды:
– Әйелдерді кәсіпкерлік қызметке тарту, экономикалық белсенділігін қолдау мақсатында 2002 жылдан бастап әйелдер кәсіпкерлігін қолдау шаралары іске асырылуда. Осы уақыт ішінде мыңдаған әйел оқып, жеңілдетілген несие алып, өз мүмкіндіктерін ашты.
Кәсіпкерлікті дамыту бойынша 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жоба шеңберінде ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша екінші деңгейлі банктердің кредиттері жеке кәсіпкер субьектілері бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялады. Жеке кәсіпкерлердің 45 мың жобасы, оның ішінде ауылдық жердегі әйелдер кәсіпкерлігінің 5 мыңға жуығы субсидияланды. Бұл 13 пайызды құрайды. Ішінара жалпы сомасы 370 млрд теңгеге 32 мың кепілдік шығарылды. Қолдау көрсетілген кредиттердің жалпы сомасы 860 млрд теңгені, оның ішінде ауылдық жерлерде әйелдер кәсіпкерлігінің 3 мың жобаны құрады, – деді.
Келесі кезекте сөз алған инновациялық білім беру орталығының директоры, “Кәусар” қоғамдық бірлестігінің төрайымы Наиля Үмбетова «Атамекен» филиалдары арқылы 6700-ден астам әйелдерге қолдау көрсетілгенін, оның ішінде 21 пайызы ауылдық жердегі әйелдер, көмекке жүгінген әйелдердің 31 пайызы халықтың әлеуметтік осал топтарына жатады, оның ішінде 20 пайызы көп балалы отбасынан шыққан әйелдер екенін айтты. Жалпы оңтүстік өңірде Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарында 1647 әйел орталықтар қоғамдастығының құұрамына кірген. Оның ішінде 280-нен астам әйел мынадай қызмет түрлерін алды: фермерлік шаруашылықтарды басқару, тігін ісі, кондитерлік өнімдерді өндіру.
Ұлттық экономика министрлігі Европа қайта құру және даму банкі арқылы бизнестегі әйелдер бағдарламасын түзіп отыр. Бұл бағдарламаға 2015 жылдан бастап жүзеге асқан. 1647 әйел орталықтардың қызметін алды. Оның ішінде консалтинг, менторлық, технмкалық жәрдем көрсету, т.б. бар. 2015 жылдан бастап 370 кансалтинг, 100 жұп қатысушы менторлық бағдарламасына қатысты. 101 кәсіпкер әйел кәсіпкерлік дағдыларын дамыту курстарынан өтті. 468 қатысушы қаржылық институттарының менеджментерінен біліктілігін арттырды.
– Ауыл тұрғындарының жартысын құрайтын әйел азаматтар үшін бұл форум олардың қоғамға кеңірек араласуына мүмкіндік беретініне сенемін. Бүгінде щағын және орта кәсіпкерліктің 38 пайызын әйел азаматтардың үлесінде. Үкіметтік қолдаулар нәтижесінде олардың көбі жеке кәсіпкерлігін дөңгелетіп келеді. 1700 әйел кәсіби біліктілік курстарынан өтті. Бизнесті дамыту Жол картасы-2025 аясында 2050 жоба мақұлданды. Үстіміздегі жылы Ұлттық жоба аясында кәсіпкерлікке оқытуға 1070 әйел жолданды. Жаңа бизнес түрлерін дамытуда 137 әйел көмпек-қолдауға ие болды, – деді Ожго Елена Анатольевна әлеуметтік динамика директоры.
Одан әрі сөз алған Нәйла Үмбетова:
– Ауылда өмір сапасын, елдің әл-ауқатын арттыру әйел-аналардың тыныс-тіршілігі, әл-ахуалымен тығыз байланысты. Әрбір қыз-келіншек заман ағымына сай отбасының, бүкіл бір елдің ұйытқысы болуы қажет . Қала мен дала арасындағы байланыс ты жалғастыру, тәрбие нің қайнар көзі – ұлттық рухымыздан бастау алады.
Біз аргарлы мемлекетпіз. Оған әйелдер де үлесін қосып отыр. Білім орталығын ашып, 9 жыл Талғар ауданында жұмыссыз әйелдерді үш айлық курста оқытып, тоғыз жыл ішінде 1,500 әйелді мамандырып, олар өз-өзін жұмыспен қамтып, Президенттің «Қарапайым заттар экономикасы» жобасын дамытуға өз үлесімізді қосып отырмыз.
Ауылдың дамуы жол мәселесіне, интернетке тәуелді. Балабақшасы, инфрақұрылымы мәдениет мәселесі болмай шағын кәсіпкерлікті ойдағыдай дамыту мүмкін емес. Базарда жүрген мыңдаған жастарымыздың статистикада жоқ, не нақты жұмыс орны жоқ, не әлеуметтік төлем ала алмайды, күнделікті нәпақасын тауып қана жүргендер.
Ет, тері, жүн, ағарған түрлерін өндіру бойынша шағын курстарды ашып, қысқа мерзімді курстан өткізіп, осы маманданған азаматтарға грант ұзақ мерзімді кредит беріп, мал шаруашылығын дамытуға болады. Жастардың үй мәселесі шешілсе қала кезіп, қара базарда жүрген жастар ауылға оралар еді, – деді ол.
Баян ҮСЕЙІНОВА
Пікір 3