№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жаңа оқу жылында жаңалық мол

Жаңа оқу жылында жаңалық мол

1 қыркүйек – Білім күнін салтанатты күн ретінде айрықша  дайындықпенкұүтетініміз заңды. Дүниедегі барлық ізгілік пен жаңалық атаулының кілті – білімде. Он бір жыл мектеп партасында білім алар жас ұрпақтың әр күнін қайткенде өркениетті қоғамға лайық  озық білім және тәрбиемен ұштастыра аламыз? Білім саласындағы реформа атаулының барлығы осы мақсаттан туындайтыны анық.

Білім министрі Асхат Аймағамбетов­тың айтуы бойынша биылғы жылдан бастап жас түлек партаға отырған күннен бастап оның білім көрсеткішіне ғана емес, тәрбие талабына қатты мән беріледі. Ата-аналар жиналысқа келгенде бұрынғыдай баласының та­беліне қол қоюмен шектелмей, бала­сының сабаққа үлгерімін әрбір пән бойынша мұғалімменбірлесе зерделеп, жұмыс жүргізілетін болады.
Бұл бағытта білім беру процесінде 2022-2023 оқу жылына бекітілген әдістемелік  нұсқаулықта да өзгерістер болмақ. Бұл жөнінде аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгеру­шісі Нүргүл Аширова былай дейді:     
– Жалпы оқу жылының ұзақтығы бұрын 34 аптаны құраса, биыл 36 аптаға ұзартылды. Білім ордаларында 1 қыркүйектен 31 мамырға дейін са­бақ жалғасады. Бірінші тоқсандағы демалыс күндері 31 қазан мен 6 қа­раша аралығында, қысқы каникул 31 жел­тоқсан мен 8 қаңтар, көктемгі каникул 18 наурыз бен 26 наурыз аралығына белгіленді.Биылғы оқу жылынан бастап жалпы оқу ошақтарының апталық жүктемесі бескүндікке ауысады. Сенбі күндері әр баланың қосымша білімін жетілдіру, таңдаулы үйірмелерге қатысу мүмкіндіктері қарастырылып жатыр. Барлық сыныптарда оқушы санын 24 баладан асырмау, бала саны көп болған жағдайда бөліп оқыту қарастырылып отыр. Қазақ тілін мен әдебиетін оқытуда апталық жүктеме 4 сағатты 2 топқа бөліп оқытуға немесе апталық жүктеме 5 сағатты бөлмей оқытуға  мүмкіндік беріледі.
Қазақ  сыныптарындағы орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша барлық сыныптарды бөліп оқыту, оқытпау жергілікті орындаушы органдарынын шешімі арқылы жұзеге асырылады.
Жаңа оқу жылының денешынықтыру пәні топқа бөлінбей оқытылады.Өйткені мектептерде 1 ғана спорт залы, онда бр мезгілде  4-6 топқа дейін сабақтар жүргізіліп жатады. Бұл заңдылыққа сәйкес келмейді. Басты өзгеріс, қазақ мектебінде 1 сыныпта орыс тілі оқытылмайды. 2 сыныптан бастап оқытылады. Ағылшын тілі 3 сыныптан бастап оқытылады. 1 сыныпта  Көркем еңбек пәнінің орнына  «Еңбек» және «Бейнелеу өнері» пәндері енгізілді. Оқушыларды шахматқа тарту факультатив негізде ендірілді. Өзін-өзі тану сағаттары қысқартылды. Бұл бағытта қосымша оқып, сертификат иеленген пән мұғалімдері бастапқы төл мамандықтары бойынша жұмысын жалғастыра бермек.
Жаңа оқу жылында білімгерлердің  мектеп формасы қандай болады?
Бұл  жөнінде министрдің айтқанына келсек, оқушы формасын ата-анасы өзі таңдап алып береді. Бұл жерде әр мектеп жеке өздері үлгі қойып, оны белгілі жермен келісімге отырып, тіктіру деген талап жоқ. Әркім өзі қалаған, өзі­не қолжетімді жерден сатып ала алады. Бірақ, еркіндік осы екен деп, ала-құла киінуге рұхсат жоқ. Білімгерлер дәстүрлі мектеп формасы – классикалық үлгіде ақ-қара костюм-шалбар, кофта-юбка  кигені жарасымды екеніне ешкімнің дауы болмаса керек.
Жаңа оқу жылына дайындық қалай?
Бірлік ауылындағы №55 мектепте күрделі жөндеу жүріп жатыр. Кеше аудан басшылығы басы-қасында болып, мектеп жанындағы он бір бөлмелі балабақша ғимараты және 2 сыныптан тұратын шеберхана бөлмелеріне әзірге екі ауысымда балаларды бөліп оқытуға тура келетінін ескертті. Ал мектептің өзі қыркүйектің соңына дейін дайын болуға тиіс.
Ал кент орталығындағы №169 мек­теп жаңа оқу жылына толық дайын болады.
Ауданда 42 мектепте 2022 оқу жылына 19 мың 108 оқушы оқитын болады. Оның ішінде 1 сыныпқа 1788 балғын барғалы отыр. Жеке мектептерге тоқталсақ, осыған дейін 4 жекеменшік мектепте 650 бала білім алды. 1-9 сыныптарға арналған 160 орындық «Қыран» және 1-4 сыныптарға арналған «Болашақ» жеке мектебі ашылмақ. Бірі МАИ бекеті, бірі мектеп интернаты жанында ашылады.

Баян ҮСЕЙІНОВА
20 тамыз 2022 ж. 324 0