№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кәсіпкер құқығы қорғалады

Кәсіпкер құқығы қорғалады


Жаңақорған ауданында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселесі бойынша Қызылорда облысының прокуратурасы мен облыстық кәсіпкерлер палатасының бірлескен көшпелі отырысы өтті.

 Жиынға Қызылорда облысы прокурорының орынбасары Дамир Меделбайұлы, аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы, аудан прокуроры Дарын Елтайұлы, облыстық кәсіпкерлер Палатасы директорының орынбасары Салават Аязбайұлы және уәкілетті бақылаушы органдардың басшылары қатысты.
 Кездесу барысында жергілікті жеке кәсіпкерлер О.Жұматов, А.Асенов және Б.Тасболатов аудан кәсіпкерлерінің көкейінде жүрген бірқатар өзекті мәселелерді қозғады.
Еркін пікір алмасу нысанында өткізілген жиында өзге де кәсіпкерлер көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, ұсыныс-ойларын жеткізді.
 Кездесуге қатысқан уәкілетті орган басшыларымен бірге кәсіпкерлердің сұрақтары мен көтерген мәселелері жан-жақты талқыланып, тиісті жауаптар берілді. Сонымен қатар, кәсіпкерлердің құқығын қорғау, кәсіпкерлер жобаларын сүйемелдеу және қаржылық емес көмек көрсету, субсидия қаражатын алудың талаптары, коммуналдық қызметтің жағдайы және жер қатынастары саласы талқыланды.
 Отырыс барысында облыс прокурорының орынбасары Дамир Меделбайұлы кездесудің маңыздылығына тоқталып, еркін форматтағы мұндай отырыстарды жиі ұйымдастырып, кәсіпкер азаматтармен қабылдаулар өткізіп және уәкілеттік шегінде құқықтық көмек көрсетуге дайын екендігін жеткізді. Жиын соңында жергілікті кәсіпкерлер осы тектес шаралардың жиі өткізілуін сұрап, прокуратура органдарының кәсіпкерлердің құқығын қорғау бағытында атқарған жұмыстарына алғыстарын білдірді.





Мұхтар Бекболатұлы, Жаңақорған ауданы
прокуратурасының аға прокуроры
25 маусым 2022 ж. 400 0