№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Заңсыз әрекет орға жығады

Заңсыз әрекет орға жығады

Әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылатын пробация қызметінің негізгі мақсаты – шартты түрде бас бостандығынан айырылған азаматтарға әлеу¬меттік-құқықтық тұрғыда қызмет көрсету. Еліміздегі істі болған жандарды бас бостандығынан айырмай жазаға тарту басты бағыты болса, пробация осы бағытқа дәл келеді. Міне, жоғарыда аталып кеткен жүйе бойынша құқық бұзушылықтың алдын алуда Қызылорда облысы прокурорының орынбасары Дамир Катаевтың қатысуымен ашық есік күні өтті.
Байқаусызда сүрінген жандарды түрмеге жабуды емес, қоғамға бейім-делуіне мүмкіндік беруді көздеген жиында пробациялық бақылау есебінде тұрған жандарды бақылап қана қоймай, әлеуметтік мәселелері болса, шешуге ықпал жасау тақырыбы сөз болды. Осы жөнінде облыс прокурорының орынбасары Дамир Меделбайұлы алғаш болып сөз алды.
– Пробациялық бақылау есебінде тұрған тұлғалармен құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық шара жұмыстары мұнымен тоқтап қалмайды. Өйткені Қазақстанда шартты түрде жазасын өтеушілер сынақ мерзімінде жүреді. Ал сынақ мерзімін беру пробацияның негізгі жұмысы. Сондықтан олармен сот міндеттемелерінің орындалуы қатаң қадағаланумен қатар, әлеуметтік-құқықтық қызмет те көрсетіледі. Тіпті білім алып, кәсіп меңгеріп, жұмысқа орналасуына ықпал жасап, ауырып қалса, дәрігерлік көмек көрсетуді қамтамасыз етілуі тиіс, – деді.
Жиын барысында пробациялық есепте тұрған жандарды толғандырған сұрақтарына облыс прокурорының орынбасары Дамир Катаев пен аудан прокуроры Дарын Елтайұлы жауап берді. Негізгі сұрақтардың басым бағыты кәсіпкерлік және несие алу бағытында өрбіді. Бұл жазасын өтеушілердің әлеуметтік жағдайын әлеуеттендіру арқылы түзелу жолына бағыттау болып табылады.
Осы күні аудандық пробация қызметінің есебінде 103 азамат тіркеуде, оларды қоғамға қалыптастыруда аудандық прокуратураның бастауымен бірқатар жүйелі жұмыстар жасалып келеді. Айта кететіні, шара барысында пробация есебіндегі 4 азаматтың 3-уі өз кәсібін бастау мақсатында 250 мың, ал қалған 1 азамат 500 мың теңгенің сертификатын алса, алдағы наурыз айында тағы есепте тұрған 6 азаматқа кәсібін бастауға сертификат табысталатыны айтылды. Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Жаңақорған аудандық прокуратурасы
23 ақпан 2020 ж. 585 0