Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қазақстанда оқу гранты иегерлерінің тізімі қашан жарияланатыны белгілі болды

Қазақстанда оқу гранты иегерлерінің тізімі қашан жарияланатыны белгілі болды


Ғылым және жоғары білім министрлігі грант иегерлерінің тізімі 10 тамызда жарияланатынын мәлімдеді.


Мемлекеттік білім грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия өз жұмысын аяқтады. Оның құрамына министрліктің, мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы, бұқаралық ақпарат құралдары, Қазақстанның азаматтық альянсы және қоғамдық ұйым өкілдері кіреді. Талапкерлердің ҰБТ-да жинаған балдарына және бекітілген ережелерге сәйкес конкурстық негізде грант тағайындалады.

«Білім гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызда жарияланады»,  – делінген ресми хабарламада.

Биыл халықтың әлеуметтік осал топтарына бөлінетін грант саны артып отыр. Атап айтқанда, көпбалалы немесе толық емес отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар грант алуда басым мүмкіндікке ие болды. Сондай-ақ ауыл балалары және Қазақстан азаматтығы жоқ ұлты қазақ азаматтар үшін де квоталар қарастырылған.

Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін барлығы 80 мыңға жуық өтінім түсті.
09 тамыз 2022 ж. 519 0