№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Ізденімпаз білімгерлер

Ізденімпаз білімгерлер


Бала білімінің жетік болуы, көбірек іздену арқылы бәсекеге қабылеттілігінің артуы, болашағын бүгінмен байланыстырып, ғылымға бет бұруы, барлығы заман талабы. Қазіргі қоғам жеткіншектердің көп ізденуін талап етеді, осындай таным биігінде оқушыларды көбірек өзге өңірлерге жіберіп, дос табуына, жаңашыл идеялармен жүріп, сабаққа сергек қарауына жағдай жасауға басымдық беріле бастады. Жуырда редакциямызға №169 Н.Илялетдинов атындағы мектептің оқушылары келіп, өздерінің қуаныштарымен бөлісіп, ойларын ортаға салды.


9 сынып оқушысы Берік Нұр­бақыт пен Анель Абен Қапшағай қаласындағы «Балдәурен» респуб­ликалық оқу-сауықтыру орталығын­да алған әсерімен бөлісіп, көрген-білгендерін, естігендерін, ойға түй­гендерін ортаға салды.

– Сыр өңірінен қаншама оқушы бардық, ауданның өзінен 20-ға жуық демалушы болдық. Біздің мектептен 5 оқушы баруға мүмкіндік алдық, Осындай мүмкіндік сыйлаған мектеп директорына, ұстаздарға және әлеуметтік педагог Жазира Сайпироваға алғысымыз шексіз. Негізі бұл саяхаттың бізге қалдырған әсері көп, ең алдымен жаңа достар таптық, екіншіден, өзге өңірлердің сөйлеу мәнерін, мәдениетін бойымызға сіңіруге тырыстық. Сондай-ақ, спорттық бәсекеде бағымызды сынап, облыс атынан озық шығаруға тырыстық, – деді Әнель.

Нарыққа бейімделген бүгінгі қоғамда ең бірінші білім бәсекесінің рөлі айрықша. Әсіресе, оқушылардың білім бәсекесінде бәсі биік болуы үлкен нәтиже береді. Сондықтан аудандағы білім ошақтары мұндай бастамаларға жиі ұйытқы болып, оқушылардың ой сергітіп, жаңа серпін алуына жол ашып келеді. №169 мектеп ұжымының да жемісті жұмысына осындай талантты, талапты балалар арқылы баға беруге болады.
– Мұндай бастаманы жыл сайын қолға алып, шәкірттерге жарқын көңіл-күй сыйлауды мақсат тұттық. Көбіне әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыдан шыққан балаларға бағыттауға тырысудамыз. Бір жағынан, сабақ үлгерімне де қараймыз. Биыл жолдама алған оқушылардың да сабақ үлгерімі жақсы. Енді бұдан да жақсырақ боларына сеніміміз бар, – деді мектеп директоры Аллаберген Ахметов.
Бүгінгі екі кейіпкерден бөлек Ерзат Прназаров, Гюняш Милярова, Нұрдаулет Құрмантай сынды оқу­шылар да барып қайтқан екен.
– Бізге бұл демалыс өте әсерлі естеліктерімен есте қалды. Шыны керек, біздің облыс спорттық болсын, басқа да сайыс түрлерінен жалпы есепте көш бастадық. Мен өзім «Олимпиада» мерекесіне орай өткен жалпы спорттық жаттығудан бірінші орынды иеленсем, Әнелде осы биікті бағындырды. Мен шахматтан жекелей сынды екінші тұғырға қонсам, сыныптасым «Патриоттардың бас қосуы» атты конференцияда белсене қатысып, арнайы «Грамотаға» қол жеткізді. Мүмкіндік болса келер жылы да келсек нұр үстіне нұр болар еді, – деді Берік Нұрбақыт.
Бізге арнайы келіп, дидарласқан қос оқушының да айтары көп, тың идеялары аз емес екен. Ол алдағы уақыттың еншісінде, ең бастысы, оқушыларға осындай мүмкіндік беріп, оқуға деген жаңа леп бере алған директор мен ұстаздардың еңбегін де елеусіз қалдырмаймыз.

Әлібек ТЕМІРБЕК
05 мамыр 2022 ж. 493 0