№35 (8746) 4

04 мамыр 2024 ж.

№34 (8745) 30

30 сәуір 2024 ж.

№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Әскердегі әлімжеттік: Ә.Қалбайдың өліміне кімдер кінәлі?

Әскердегі әлімжеттік: Ә.Қалбайдың өліміне кімдер кінәлі?


Әскерге шақырылғаннан төрт күннен кейін қайтыс болған маңғыстаулық сарбаздың жұмбақ өлімі қоғамда үлкен резонанс тудырып отыр. 18 жастағы Әлібек Қалбай әскери бөлімге 18 сәуірде кетеді. Ал төрт күннен кейін ата-анасы ұлының қайтыс болғаны туралы қаралы хабар алған.
мекеніндегі 30212 әскери бөліміне шақырылады. Алайда көп ұзамай жас жігіт госпитальда көз жұмған.
Қорғаныс министрлігі таратқан ресми ақпарда сарбаздың таңғы сапқа тұру кезінде есінен танып құлағаны туралы айтылады. «2022 жылдың 22 сәуірінде Гвардейск әскери қалашығындағы гос­питальда қатардағы жауынгер Қал­бай Әлібек Саламатұлы қайтыс болды. Таңертең сапта тұрған жауынгер кенеттен есінен танып қалған. Әскери қызметшіге қажетті медициналық көмек көрсетілгенімен, ол есін жима­ған күйі қайтыс болған.
Жас жігіт биыл көктемде Маңғыстау облысынан мерзімді әскери қызметке шақырылды. Сарбаздың өліміне қатысты тексеру жұмыстары басталды. Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен Қарулы Күш­тер­дің жеке құрамы Қалбай Әлібек Саламатұлының туған-туыстары мен жақын­дары­на қайғырып көңіл айтады», делінген ресми хабар­ламада. Бұл мәлімдемені Әлібектің денесін туған ауылына жеткізген 30212 әскери бөлімнің қызметкерлері де қайталап отыр.
Осы бөлімнің командирі Алмас Доспаев 22 сәуірде рота таңғы астан келгенде казарма алдында сапқа тұрғанын айтады. «Сол кезде Әлібек ең соңғы қатарда тұрған. Басы айналып, артқа қарай құлап түсті. Алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіп, бірден медсанбатқа алып кеттік. Ба­сы­ның неден айналғанын білмейміз», дейді командир.
Алайда, марқұмның туыстары Әлібектің өліміне кінәлілер бар екенін айтып, олардың заң алдында жауап беруін талап етіп отыр. Ми­нистрліктің мәлімдемесіне мүлде сенбей отырған сарбаздың жақындары жас жігітті соққыға жықты деп санайды. Туыстарының айтуынша, Әлібектің әскерге барғысы келмеген. Бірақ 13 сәуірде әскерге шақырып, медициналық тексерістен өткізгеннен кейін оны 18 сәуірде әскери борышын өтеуге жіберген. Әлібектің туысы Динара Тілесова оны басынан бірнеше рет ұрғанын, денесінде көгерген іздері барын мә­лімдеген. Тіпті, әскерге барғысы келмеген жі­гітті 12-сі күні мәжбүрлі түрде әскерге кетсін деп алып кетіп, «егер бармасаң сотталасың, болмаса 3 миллион айыппұл төлейсің» деп қор­қыт­қа­нын да айтқан.
Қазір осы қайғылы оқиғаға қатысты әскери бөлімде тексеру жүргізіліп, сарбаздың өлімі бо­йынша тергеу шаралары басталды.
Небәрі 18 жасында өмірі үзілген Әлібектің ажалына кімдер кінәлі? Әскердегі бассыздық қашан тоқтайды? Бейбіт күнде әке-шешесіне табытпен оралған сарбаздар өлімі әскерде неге тыйылмай тұр? Қалбай әулетіндегі қайғыны естіген қоғам қазір осы сұрақтарды өткір қойып жүр. Ал әскер қатарына енді ғана қосылған Әлібек ант та қабылдап үлгермеген екен. «Қаңтар қасіреті» армияға қатысты сансыз сауал туындатып еді. Елге қорған болады деген әскерилер  қатардағы сарбаздарын қорғай алмай отырғанда,  халықты қалай қорғамақшы? Бүгінгінің басты сауалы бұл.
25 сәуір 2022 ж. 305 0