Қызылордада көз жұмған сарбаздың отбасына 7 млн теңге берілді
Қарағандыда қаза тапқан Ұлттық ұлан сарбаздарының туыстарына наградалар табысталды. Олар Талдықорған мен Қызылордада тәртіпті қалпына келтіру кезінде көз жұмды, деп хабарлады Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.
Президент жарлығымен Айбат Аманов пен Мадияр Қайсаров қайтыс болғаннан кейін ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Марапатты марқұмдардың туыстарына Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек табыс етті.
Жиынға Ұлттық ұлан бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары Әлібек Сералиев пен «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы Сәкентай Шекарбеков қатысты. Олар өжет ұлды тәрбиелегені үшін қаза болған жауынгерлердің ата-аналарына алғыс білдірді.
«Орталық» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметкерлері атынан Әлібек Сералиев мерт болған сарбаздардың туыстарына 7 миллион теңгеден қаражат табыстады.