№34 (8745) 30

30 сәуір 2024 ж.

№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Жаңа Қазақстанға – жаңа саяси реформалармен

Жаңа Қазақстанға – жаңа саяси реформалармен


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына Жолдауында жан-жақты саяси өзгерістерге негіз қалайтын нақты қадамдардың болатынын айтты. Президенттің сеніммен айтылған әрбір сөзі елдің еңсесін көтерді. Қоғамдағы мәселелерді жан-жақты қамтыған толыққанды реформалар жиынтығы көп көңіліне үміт ұялатты.


Жолдаудың тың мазмұнға ие болуы заңды құбылыс. Өйткені жыл басында ел басына түскен төтен оқиғалар мемлекетімізде жаңа бастамаларды қолға алу қажеттігін көрсетіп берді. Осы реформалардың бастамасы ретінде Президент мемлекеттің ұзақмерзімді мүддесі биліктің қосымша мүмкіндіктеріне және уақытша ықпалына қарағанда әлдеқайда маңыздырақ екендігін айтып, «AMANAT» партиясының төрағалығынан биыл бас тартатынын мәлімдеді.
Бүгінде мемлекет басшысы айтқандай, сайлауға, депутаттарға, тіпті саяси өзгерістерге деген халықтың қызығушылығы кемігені жасырын емес. Осы тұста, Жолдауда айтылғандай, алдымызда Парламенттің рөлін күшейту міндеті тұр. Бұл «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын табысты жүзеге асыруға жол ашады.
Жолдауда Республиканың сайлау жүйесі жөніндегі заңдарға елеулі түзетулер енгізілетіні құба-құп. Мұнда депутаттардың халық алдындағы жауапкершілігін нығайтуға мүмкіндік беретін аралас сайлау жүйесіне практикалық көшу көзделіп отыр. Жолдауда айтылған сайлау жүйесіндегі өзгерістер халықтың барынша сенімділігін бекітетін болады.
Жалпы, Сенаттың жоғарғы палата ретінде жұмыс істеуін, сонымен қатар Сенатқа Мәжіліс қабылдаған заңдарды тек мақұлдау немесе мақұлдамау құқығын беретін норма енгізілетіндігін дұрыс деп санаймын. Соған сәйкес заң қабылдау құқығы Мәжіліске ғана тиесілі болады. Бұл жүйенің енгізілуімен халықтың ұсыныс-тілектері негізінде халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытындағы сапалы заңдар қабылданатыны анық.

Президенттің Сенаттағы квотасын бақылаудың құралы емес, Парламентте өкілдері аз әлеуметтік топтардың үні мен ой-пікірін ескеру тетігі ретінде қарастырған жөн. Осы орайда, Президент өзінің Сенаттағы квотасын 15-тен 10 депутатқа азайту туралы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Мәжілістегі квотасын жою туралы шешім қабылдады. Бұл квота Сенатқа ауысады. Соның нәтижесінде Мәжілістегі депутаттардың саны азаяды. «Аз болса да, саз болғаны» қуантарлық. Мұндай өзгеріс халық үнінің жоғары палатада естілуіне мүмкіндік жасайды.
Мәжіліспен қатар, сол арқылы мәслихаттың да ықпалын күшейтетініміз – оң өзгеріс. Енді Парламент депутаттарының 70% – пропорционалды, 30% – мажоритарлы жүйе арқылы сайланатындықтан, депутаттық корпус халық қалаулысы деген атқа мейлінше сай болары шүбәсіз. Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын партиялық тізіммен қатар, мажоритарлы жүйемен сайлау жүйесі енгізіледі. Бұл сөз жоқ, халықтың өзі сайлаған депутаттары арқылы Парламент мінберінен Үкіметке нақты мәселелерін естірту мүмкіндігін кеңейтіп отыр.
Жергілікті жерде мәслихаттар өзекті мәселелердің шешімін табуға және аймақтардағы тұрмыс сапасын жақсартуға әсер ете алады. Сондықтан Президент мәслихаттардың рөлін арттырып, дербестігін қамтамасыз ету үшін Мәслихат төрағасы лауазымын енгізгенді жөн санады. Бұл депутаттардың халықпен байланысын күшейтіп, билік пен бұқара арасында алтын көпір орнатып, сайлаушылар алдында міндетін арттырып, халықтың мұң-мұқтажын билікке жеткізу жауапкершілігін арттырады. Бір сөзбен айтқанда, депутаттың сайлаушылар алдында уәделерін орындауда үлкен жауапкершілік күтіп тұрғаны анық. Мәслихаттар жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі буынына айналуға тиіс. Президент мәслихаттарды жергілікті мемлекеттік басқару әрі жергілікті өзін-өзі басқару институты ретінде нақты өкілеттілігін белгілеу қажет екенін айтты. Облыс әкімдерін тағайындау тәртібін өзгертті. Қазіргі уақытта мәслихат депутаттары Мемлекет басшысы ұсынған бір ғана кандидатураға келісу немесе келіспеу бойынша шешім қабылдайтын болса, ендігі жерде, облыс басшысын тағайындауға келісім алуға бірнеше кандидатура ұсынылатыны айтылды. Бұл халық қалаулыларына таңдау еркіндігін бере отырып, халықтың сенімін нығайтатын өзгерістер болмақ.
Мемлекетіміздің болашағы тек реформалармен ғана емес, Президент атап өткендей, біздің азаматтық ұстанымымызбен де айқындалады. Еліміздің тәуелсіздігі – болашақ қазақстандықтар үшін басты құндылық.
Жолдаудың бағыттарындағы саяси оң өзгерістер өңірімізде ел дамуында жақсы нәтижелерге қол жеткізеді деген сенімім мол.
Қалай десекте, бұл Жолдау «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасын іске асырудың басты, құнды құжаты ретінде саналары анық. Біздің алдымызда Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын міндеттерге бір кісідей жұмылып, жақсы нәтижелерге қол жеткізу мақсаты тұр.

Ғалымжан Сопбеков,
Аудандық мәслихат хатшысы,
«AMANAT» партиясының фракция мүшесі

23 сәуір 2022 ж. 401 0