№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Халық мүддесіне негізделген Жолдау

Халық мүддесіне негізделген Жолдау



Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысына қатысып, Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жолдады. Президенттің биылғы Жолдауы ерекше болды. Бұл тарихи құжатта еліміздің қадамдап алға жылжып, азаматтарымыздың өмірінің деңгейі артуына мүмкіндік беру үшін «Жаңа Қазақстанның» іргетесы саяси және экономикалық реформалардың үйлесімінде қалануы керектігін айтты. Оны жүзеге асыру бағытында атқарылу керек 10 басым бағытқа тоқталды. Соның ішінде бірінші кезекте халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын табысты жүзеге асыруға жол ашу үшін және Жаңа Қазақстанды азаматтық қоғамы қалыптасқан, тиімді мемлекетке айналдыру үшін Парламенттің рөлін күшейту міндеті тұрғандығын жеткізді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Президенттің партияға мүшелігін тоқтату керектігін алға тартты.
Сонымен қатар, азаматтардың өкілді билікке деген сенімін нығайту үшін мәслихаттарға баса мән берілу керектігіне тоқтала келе, олардың рөлін арттырып, дербестігін қамтамасыз ету үшін мәслихат төрағасы лауазымын енгізу қажеттігі жөнінде ұсынысын білдірді.
Әрбір Жолдауда отбасы мәселесі күн тәрібінен түспейді. Бұл ретте де әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды қарастыруды тапсырды.
Мемлекет басшысы келесі басымдығының бірі ретінде, мемлекеттің мүддесі мен қоғамның сұраныстарын және медиа саланың даму тенденцияларын ескере отырып, БАҚ туралы заңды қайта қарау қажеттігін ұсына отырып, отандық БАҚ-тың ел өңірлерінде және әлемде болып жатқан үдерістер туралы өз көзқарасы болуы тиіс екендігіне және өзекті мәселелерді мерзімінде көтеруі керектігін баса айтты, бірақ мұны үлкен азаматтық жауапкершілікпен жасау керектігіне тоқталды.
Бұл бағдаршамда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік бағасын тұрақтандыру тәсілдерін, яғни азық-түлік сапасын агралық ғылымды дамыту арқылы қамтамасыз ету керектігі, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сатушыларға сауда алаңын жалдау ақысы төмендетілетіндігі т.с.с. тәсілдерін атап өтті.
Елімізде азаматтық белсенділікті жандандыруымыз үшін, мемлекет пен қоғамның саналы әрі сындарлы серіктестігіне жол ашу үшін қоғамдық кеңестер жұмысының аясын кеңейту қажеттігі де назардан тыс қалмады.
Бұл Жолдаудың тағы бір ерекшелігі бұрын жабылып қалған облыстарды қайта құру туралы шешімі халықтың көңілінен орын табары анық. Семейді - Абай, Талдықорғанды - Жетісу, Жезқазғанды - Ұлытау, Алматы облысының орталығына Д. Қонаевтың атын беруді ұсынды.
Жалпы Жолдауда қазіргі уақытта өзекті деп саналатын күрмеуі қиын мәселелердің барлығы дерлік қамтылды. Аталған мәселелерді жүзеге асыруда Конституцияға 30-дан астам өзгеріс енгізілетіні де тілге тиек етілді.
Ия, расында да Мемлекет басшысының бүгінгі Жолдауы халықтың еңсесін көтеріп, Қазақстанның дамуына үлес қосуға деген құлшынысымызды арттырды. Сондықтан да баршаңызды ауызбіршілікте болып, Жаңа Қазақстанды бірге құруда белсенділік танытуға шақырамын.

Тілеубергенова Асемкүл Манапқызы,
«Жаңақорған ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің
аудандық кітапханасы» КММ директоры,
аудандық мәслихат депутаты
16 наурыз 2022 ж. 2 368 0