№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ана мен бала өміріне жауапты болу оңай емес

Ана мен бала өміріне жауапты болу оңай емес


Аудандық орталық ауруханасында перзентхана бөлімінде 13 жылдан астам уақыт тоқтаусыз жұмыс істеп келе Дүрдана Айдарханқызы бала кезінен ақ халатты абзал жан болуды армандады. Осы күні үкілеген үміт жетегінде акушер болып жұмыс істеп келе жатқан кейіпкеріміздің тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында перзентхананың бөлімшелерін аралай жүріп, осы салаға келу тарихын, жұмысының қиындығы мен қызықшылығы жөнінде сыр тарттық.

Перзентхананың алды қашанғы қалпынан танбай көңілді қарсы алды. Десте-десте гүл, айқасқан құшақ, ақжарма тілек, көңілді ел-жұрт. Бұл қуаныштың артында тоғыз ай тоғыз күнгі үкілеген үміт жатыр. Фототілші екеуміз думанды топты артқа қалдырып, табалдырықтан озғанымызда бір сәт уақыт лентасы кері айналғандай болды. Сыртта қалған мәре-сәре қуаныштың үні бірте-бірте көмескілене, сап тиылып, есесіне дәлізде зыр жүгірген дәрігерлер мен қабылдау бөліміндегі абыр-сабыр лек бізді қарап тұрғызбастан ілестіріп әкетті.
Жолай дәлізде осындағы фонендоскопы қашан да мойнынан түспейтін дәрігерлер мен мейірбикелер хал-жағдай сұраса келе, енді келіп түскен жас босанатын ананың жағдайын талқылауда: «Жүрек соғысы мен тынысын бірқалыпты, бала бірінші позицияда басымен орналасқан. Сондықтан өздігінен босануға толық мүмкіндігі бар. Ананың да, баланың да жүрек қағысы ритмді. Жалпы жағдайы жақсы» деген күнделікті жұмыс барысында кездесетін дауысты естідік.
Жалпы мұндағы жұмыс таңғы сегіз болмай басталады. Яғни, түнгі кезекшілер осы уақытта ауысымды күндізгі кезекшілерге өткізеді. Одан кейін қабылдаулар басталып, жарты сағаттан соң дәрігерлердің жалпы отырысы өтеді. Онда бөлімшелердің тәулік бойғы, түнгі кезекшілік барысындағы атқарылған жұмыс реті баяндалып, нақтылы шешімдер қабылданады.
Кейіпкеріміз Дүрдананың айтуынша, перзентханаға жүкті әйелдердің ең көп түсу жиілігі әсіресе жаз айларында күрт артады.
– Мысалы, 2021 жылы шілде айында бір кезекшілікте 10-нан аса  әйел босанған. Жұмыс қауырт мұндай кезде кезекшілікке дәрігер тарапынан үстеме бригада шақыртылады. Жарық дүние есігін ашуға асыққан сәбилер сағатқа қарамайды. Сондықтан мереке уағындағы, сенбі, жексенбі күндеріндегі демалыс осындағы дәрігерлер үшін екінің біріне бұйыра бермейтін бақ, – дейді ол.
Мұнда бір минут та дамыл тауып, қарап тұру деген жоқ. Екі қолға – бір қандауыр. Адам тағдыры қыл үстінде тұрған мұндай жұмыстың жауапкершілігі өз алдына, орасан физиологиялық күшті қажет етеді. Мұны Дүрдана Бегалиева жақсы түсінеді.
Жұмыс өте ауыр, сондықтан ер адамдардың да осы салаға үлес қосқаны дұрыс, – дейді акушер-гинеколог Сержан Әбдешов.
Аудан орталығындағы №125 мектепте білім алып, Түркістан Медициналық колледжінде акушер ісі мамандығы бойынша қиялына қол жеткізген білікті маман осы күні  3 қыздың анасы. Жұмыс барысының қиындығына қарамай отағасы Бердібектің де жағдайын жасап, ағайын-туыс ортасында үлгілі келін бейнесін қалыптастырып келеді.
Шынын айтсам менің отбасым да, достарым да ақ халатты абзал жан болатыныма сене қоймады. Оны  сәл мінезімнің тік болғанынан шығар деп ойлаймын деп артқа көз тастаған кейіпкеріміз сұқбат барысында күлдіргені де бар.
– Мен бұл жұмысты «үздіксіз қоңырау» деп атар едім. Түнгі кезекшілікте ауыр науқас түскен жағдайда бас дәрігер, бас дәрігердің орынбасарына кез келген уақытта хабарласып, 10 минут ішінде шақырып аламыз. Келген бетте операцияға кірісіп кетеді. Үнемі қоңырау арқылы байланыста боламыз. Жеке-дара өзім ғана шығамын деу болмайды, бұл – ұжыммен атқарылатын жұмыс, – дейді Дүрдана.
Ұзақ уақыт баласыз жүрген отбасылардың кішкентайлы болған кездегі қуанышына да куә болған акушер Дүрдана осындай кезде өмірде текке жүрмегеніңді түсінетінін айтты. Кейде көпшілік орындарда, көшеде көріп, танып қалған ата-аналар келіп алғыс білдіріп жататын кезді де тілге тиек етті.
Бұл біздің жұлдызды сәтіміз деген сөзінен кісіліктің биік өлшемін байқадық. Сондай-ақ ізгі мұрат жолында мамандықтың кісі таңдамайтынына кезекті рет куә болдық. Олардың бұлжымас бір ғана мақсаты бар, ол – өмір мен өлім алдында дәрмені жоқ қос бірдей жанның өміріне араша түсу.

Лаура БИБАСАРОВА
18 маусым 2020 ж. 370 0