№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » NEET САНАТЫНДАҒЫ ЖАСТАРҒА БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

NEET САНАТЫНДАҒЫ ЖАСТАРҒА БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ


Жолдаудан туындайтын міндеттерді өңірімізде жүзеге асыру бойынша басым бағыттарды айқындау мақсатында, ағымдағы жылы қыркүйекте облыс әкімінің төрағалығымен облыстық актив отырысы өтті. Онда аймақ басшысы жиында нақты міндеттер мен тапсырмалар жүктеді. Осыған орай, Жолдауды тұрғындар арасында кеңінен насихаттау мақсатында арнайы жоспар бекітіліп, сол бойынша тиісті шаралар жасалынуда. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекова Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді
.
Ақпараттық түсіндірме жұмыстарын күшейту үшін 12 бөлім, 145 тармақтан тұратын арнайы облыстық медиа-жоспар әзірленді. Ол сала басшылары мен аудан әкімдерінің брифингтерін ұйымдастыру секілді жұмыстарды қамтиды. Сондай-ақ республикалық және жергілікті БАҚ-тарда түсіндірме және насихаттық жұмыстарды жүргізуге 45 адамнан құралған спикерлер пулы жасақталды. Соған сәйкес бүгінге дейін мемлекеттік орган басшылары, қала және аудан әкімдері және басқа да сала мамандарының 23 брифинг өткізілді.
Жолдаудағы басымдықтардың бірі жастар мәселесі. Мемлекет басшысы NEET санатындағы жастар үшін техникалық және кәсіби білімнің тегін берілуі керектігін айтты. Бұл тапсырма бойынша облыстағы NEET санатындағы жастарды анықтау және дерекқорын жасақтау, қоғамға бейімдеу мақсатында адрестік жұмыстар қолға алынған. Бұл жұмыстар Қызылорда қаласына қарасты 7 ауылдық округте және Жаңақорған ауданында жүргізілді. Нәтижесінде осы елді мекендердегі жастардың әлеуметтік статустары анықталып, ақпараттық база қалыптастырылды. Жыл соңына дейін барлық аудандарды қамти отырып, бұл бағыттағы жұмыстар қорытындыланады, - деді басқарма басшысы Мира Жомартқызы.
Жолдаудағы тағы бір бағыт - жаңа мәдениетті және оның дарынды өкілдерін дәріптеу. Бұл бойынша да ішкі саясат басқармасы тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда. Осыған орай облыста «Сыр дарыны», «Жас ғалым-2022» облыстық байқауларын және дарынды мүсіншілер, суретшілер, театр қызметкерлері, музыканттар мен қаламгерлерлердің бастамаларын қолдау, патриоттық тәрбие беруге негізделген «Айбын» жобасы, мүмкіндігі шектеулі жастарды қолдауға бағытталған шаралар қарастырылып отыр.
16 қазан 2021 ж. 374 0