№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қаңтар оқиғасына жан-жақты баға берілді

Қаңтар оқиғасына жан-жақты баға берілді


Кеше, яғни 14 наурыз күні Мәжілістің жалпы отырысында Бас прокуратура, Ішкі істер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және басқа да мемлекеттік орган басшылары «қаңтар оқиғасына» қатысты тергеу барысы туралы депутаттар сауалына жауап берді.


Қаңтар оқиғасы бойынша 3 770 қыл­мыстық іс қозғалған. Бұл туралы ҚР Бас прокуроры Берік Асылов Мәжілістің жалпы отырысында «қаңтар қасіреті» бойынша тергеу барысы туралы депу­таттардың сауалына берген ауызша жауабында айтты.
– Мемлекет басшысы құқық қорғау және арнаулы органдарға қаңтар оқи­ғасы себептерін егжей-тегжейлі тер­геп, тексеруді тапсырды. Аталған фак­тілер бойынша барлығы 3770 қылмыстық іс қозғалды. Басым бөлігі Ішкі істер министрлігінің өндірісінде. Олар: адам өлтіру, ұрлық, қарақшылық, бұзақылық, қару ұрлау, – деді Бас прокурор. Оның мәліметі бойынша, сыбайлас жемқор­лыққа қарсы қызмет тергеудің заңсыз тәсілдерін қолдау фактілері бойынша 234 іс жүргізілуде.
– Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемле­кетке опасыздық жасау, билікті басып алуға әрекет ету және аса ірі мөлшерде пара алу бойынша 15 істі тергеуде. Бұл істер бойынша Ұлттық қаупісіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Мәсімов және оның үш орынбасары сот санкциясымен қамауға алынды. Осы, органның тағы 2 басшысы, билікті асыра пайдалану күдігімен, қылмыстық жауапқа тартылуда, – деді ол.
– Қаңтар оқиғасы кезінде Қазақ­станның территориялық тұтастығына қауіп төнді. Бұл факторлар Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттың 4-бабына сәйкес, ҰҚШҰ-ға мүше елдердің бітімгерлік контингентін тарту үшін негіз болды. Олардың басты мақсаты стратегиялық маңыздағы нысандарды қорғау болды. Лаңкестікке қарсы операцияларды өткізу кезінде ҰҚШҰ әскері қатыспағанын айрықша атап өтемін, – деді Берік Асылов. Бұдан бұрын хабарланғандай, Бас прокурор қаңтар оқиғасы кезінде 11 аймақта агрессивті топтар зорлық-зомбылық сатысына өткенін айтты.
– 3-ші, 4-ші және 5-ші қаңтарда Мемлекет басшысы демонстранттарға Үндеу жолдап, заңды сақтауға және деструктивті күштердің арандатуына бой бермеуге шақырды. Алайда, бірнеше мәрте сабыр сақтауға шақы­руға қарамастан, қылмыстық және радикалды элементтер белсенді де қатаң әрекеттерге көшті. 4-ші және 5-ші қаңтарда азаматтар жиыны агрессивті топқа айналып, 11 аймақта зорлық-зомбылық сатысына өтті, – деді ол.
Бас прокурор көшеге шыққан адамдардың ең көбі Алматыда тіркел­генін жеткізді. «Басында жиындар бейбіт сипатта өтті. Алайда жағдайдың бақылаудан тыс шығуы қатері сағат сайын арта бастады. Сондықтан әкімдер мен депутаттар халықпен сан рет кездесіп, қоғамдық тәртіпті бұзбауды сұрады. Ал прокурорлар жер-жерде наразылық акцияларының заңсыздығын және оларға қатысты жауапкершілікті түсіндірді, – деді.
– 1,5 мыңнан астам мемлекеттік және коммерциялық ғимаратқа зақым келтірілді. 765 автокөлік өрттенген, олардың арасында өрт сөндіру мен жедел жәрдем, полицияның әрі аза­маттық көліктер бар. Азаматтар мен бизнеске, мемлекетке миллиардтаған шығын келтірілді, – деді ол.
Қаңтар оқиғасындағы оқиғалардың бәрі билікті күшпен басып алу мақ­сатымен ұйымдастырылған. Құқық қор­ғаушы Айман Омарова Мәжілістің жал­пы отырысында осындай пікір білдірді.
«Қаңтар күндерінде не болғанын бәрі білгісі келеді. Бұл бейбіт митингілер болды ма, әлде билікті күшпен басып алу әрекеті болды ма?
Қаңтар оқиғаларының негізі билікті күшпен тартып алу әрекеті болғаны күмәнсіз деп топшылаймыз. Қылмыстық құқық бұзу фактілерінің бәрі осы басты мақсатқа қол жеткізудің тәсілі болған. Билікті күшпен басып алудың Қылмыстық кодекстің 179-бабының 2) бөлігінде мынандай диспозициясы бар. «Билікті күшпен басып аулға бағытталған әрекеттер немесе билікті күшпен ұстап тұру әрекеттері – Қазақстан Конституциясын бұзу немесе Қазақстан Республикасының конституциялық құ­ры­лымын күшпен бұзу» – деді заңгер. Сондай-ақ, оқиғаны тұрақтандыруда Президенттің рөлі қандай болғанын атап өтті. «Бұл хаосты Президент қана өзінің әрекетімен тоқтатып, мемлекетті сақтап қала алды. Мұны айту керек», - деді Айман Омарова.
Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Бас прокуроры Берік Асылов: «Өздеріңіз білетіндей, Президенттің тапсырмасы бойынша Бас прокуратураның арнайы прокурорларының басшылығы­мен ведомствоаралық жедел-тергеу топтары құрылды. Бүгінде 35 мыңнан ас­там жедел-тергеу іс-қимылдары, оның ішінде 20 мың тексеру, жауап алу, тінту жүргізілді. 3,5 мың сот сараптамасы тағайындалды. Бүкіл органдар бойынша жапы саны 766 күдікті тұтқындалған. Олардың басым бөлігі 30 жасқа дейінгі жастар, жұмыссыздар, жоғары білімі жоқ адамдар», – деді.
Мұнан басқа да депутаттар тарапынан түскен сұрақтарға нақты жауап берілді.

Материал Қаз ақпараттан алынды
15 наурыз 2022 ж. 273 0